Өткізілген төтенше жағдайлар және авариялық-құтқару жұмыстары туралы мәліметтер

Өткізілген төтенше жағдайлар және авариялық-құтқару

жұмыстары туралы мәліметтер

 

Ақтөбе облысы аумағында 7 айда 389 (2019 ж. сәйкес кезеңінде – 534) (27,2% азаю) оқиға, сонымен қатар, табиғи және техногендік сипаттағы 27 (2019 ж. – 27) (тұрақты) төтенше жағдай тіркелді, салдарынан 11 (2019 ж. – 33) адам зардап шекті (66,7% азаю), оның ішінде 4 адам (2019 ж. – 9) (55,6% азаю) қаза болды.

ТЖ департаментінің күштерімен авариялық құтқару жұмыстарына                2296 шығу жасалды, 927 адам құтқарылды, 880 адам эвакуацияланды, зардап шеккен 95  адамға алғашқы дәрігерлік көмек көрсетілді. Соның ішінде:

- Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметімен дабыл бойынша 2132 шығу жасалды, соның ішінде: тұрмыстық сипаттағы шығуға – 1380, авариялық құтқару жұмыстарына – 683, іздеу-құтқару жұмысарына – 32, ЖКО – 37.  835 адам құтқарылды, 753 адам эвакуацияланды;

- Апаттар медицинасы орталығымен 164 шығу жасалды, 92 адам құтқарылды,  127 адам эвакуацияланды.

Облыс аумағында 384 өндірістік және тұрмыстық өрт орын алды. Салдарынан 7 адам зардап шекті, оның ішінде 3 адам қаза тауып, 4 адам жарақат алды. Материалдық шығын көлемі 105  млн. 918 мың 724 теңгені құрады.

Есеп беру кезеңінде тұрғындардан «112» номеріне келіп түскен қоңырау шалулар саны – 207 048, соның ішінде:

  • негізгі қызмет бойынша – 65673:
  • «101» номеріне – 2988;
  • «102» номеріне – 10 242;
  • «103» номеріне – 20 878;
  • ақпараттық-анықтамалық сипаттағы – 31 565.
  • басқа да (қате, анонимді, балалардың ойыны) – 141 375.
Өткізілген төтенше жағдайлар және авариялық-құтқару жұмыстары туралы мәліметтер
Дата публикации
10 августа 2020