Ақтөбе облысы әкімдігінің
2020 жылғы «_30_»___03____
№ _128_ қаулысына 2-қосымша
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі
облыстық комиссиясы туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
2. Міндеттері, функциялары мен құқықтары
1) азаматтық қорғау одан әрі жетілдіру және дамыту негізгі бағыттарын айқындау;
2) азаматтық қорғау саласында құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық-техникалық және өзге шаралар жүйесін қалыптастыру;
3) азаматтық қорғау күштері мен құралдарын құру және дамыту;
4) авариялар, апаттар, дүлей және өзге де зілзалалар нәтижесінде зардап шеккен азаматтарды, төтенше жағдайлар салдарын жоюға қатысқан адамдарды әлеуметтік-экономикалық және құқықтық қорғау, медициналық оңалту мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдар басқармалары мен ұйымдары, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері, кәсіпорындар мен ұйымдар қызметін үйлестіру туралы ұсыныстар әзірлеу.
1) азаматтық қорғау саласындағы іс-шараларды әзірлеу және іске асыруды ұйымдастыру;
2) ахуалды талдау, шешімдерді қабылдау үшін ұсыныстар әзірлеу, міндеттерді қою және орындау;
3) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауын болжауды ұйымдастыру, олардың салдарын азайту бойынша ұсыныстар әзірлеу;
4) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-шаралар туралы халықты және ұйымдарды хабардар етуді ұйымдастыру;
5) тиісті өндірістер аумағындағы болуы бойынша ықтимал (табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындайтын объектілер, олардың туындау салдарынан болатын есепті шығындар экстремалды оқиғалар қауіп-қатерін бағалау) қауіпті облыс аумақтарын айқындау;
6) іздеу-құтқару және авариялық-құтқару жұмыстарымен байланысты мәселелерді қарау;
7) төтенше жағдайларда және құтқару жұмыстарын жүргізу кезіндегі іс-әрекеттерге тұрақты әзірлікті қамтамасыз ету бойынша облыс аумағында орналасқан әскери бөлімдер, Ұлттық ұлан бригадалар (полктар) қолбасшылығымен өзара іс-әрекетті жүзеге асыру;
8) төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюдың мемлекеттік жүйесінің облыстық аумақтық жүйеге кіретін күштер мен құралдарды тарту құқығымен ведомстволық бағынысты аумақтағы төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен халыққа көмек көрсетуді ұйымдастыру.
1) жергілікті атқарушы органдар басқармалары мен ұйымдары, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері, кәсіпорындар мен ұйымдар, сондай-ақ ғылыми ұйымдардың және бірлестіктердің азаматтық қорғау саласындағы іс-қимылдарын үйлестіру бойынша ұсыныстар енгізуге;
2) Комиссия отырыстарында азаматтық қорғау саласында кәсіпорындар, мекемелер және қоғамдық ұйымдар басшыларының есептері мен ақпараттарын тыңдауға, төтенше жағдайлардың туындау себептерін жою және өңірдегі (кәсіпорындағы) ахуалды қалыпқа келтіру бойынша шұғыл шараларды қабылдау туралы оларға ұсынымдар беруге;
3) Комиссияға жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті материалдарды жергілікті атқарушы органдар басқармалары мен ұйымдары, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері, кәсіпорындар мен ұйымдар және бірлестіктерден сұрауға;
4) облыстың кәсіпорындар, мекемелер және қоғамдық ұйымдар басшыларына төтенше жағдайлардың алдын алуға, олар туындаған жағдайда салдарын азайтуға бағытталған іс-шараларды әзірлеуді және жүзеге асыруды ұсынуға және олардың орындалуы бойынша бақылауды жүзеге асыруға;
5) жергілікті атқарушы органдар басқармалары мен ұйымдары, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері, кәсіпорындар мен ұйымдардың азаматтық қорғау саласында іс-шараларды орындауы бойынша талдау өткізуге;
6) азаматтық қорғау мәселелері бойынша аналитикалық, сараптамалық және басқа да жұмыстарды орындау үшін кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың мамандарын (олардың басшыларымен келісім бойынша) жұмысқа тартуға;
7) Комиссиясы жұмысын ведомстволық бағынысты әкімшілік аумағында үйлестіруге;
8) азаматтық қорғау саласында іс-шараларын қаржыландыру бойынша ұсыныстар енгізуге құқылы.
3. Комиссия органдары
4. Комиссия құрамы
5. Жұмысты ұйымдастыру
6. Комиссия жұмысының нәтижелері
Төтенше жағдайлардың алдын алу
және жою жөніндегі облыстық
комиссиясы туралы Ережеге 1-қосымша
Облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу
және жою комиссия төрағасының
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ МІНДЕТТЕРІ
Облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиясының төрағасы – әкім облыс аумағында авариялардың, апаттардың, стихиялық аппатардың туындауының алдын алу және жою бойынша өзінің күнделікті қызметтінде Конституциясы, Қазақстан Республикасының Заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілері, Қазақстан Республикасының басқа нормативтік-құқықтық актілері басшылыққа алады.
Комиссияның жұмысын ұйымдастыру;
ведомстволық бағынысты аумақта азаматтық қорғау бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және іске асыру;
төтенше жағдайлар туындаған жағдайдағы іс-қимылға басшылық құрамды, қызметтерді және жұмысшыларды дайындау және оқыту.
Күнделікті қызметте:
Комиссияның, бағынысты күштердің және құралдардың шұғыл іс-қимылдарға дайындығын қамтамасыз ету;
табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардын алдын алу және жою бойынша іс-қимылдар жоспарын уақытында түзетуді және басқа қажетті құжаттамаларды әзірлеуді ұйымдастыру;
Комиссия қызметіне басшылық жасау, отырыстарды тұрақты өткізу (тоқсанында кемінде 1 рет);
ведомстволық аумақ орын алған төтенше жағдайларға мониторинг жүргізуді ұйымдастыру;
көрші облыстардың шекаралас аумағында болуы және таралуы ықтимал төтенше жағдайлар туралы хабардар болу;
ықтимал қауіпті нысандарды зерттеу, өз аумағында қауіп көздерін анықтау, ықтимал төтенше жағдайлар салдарын болжау, оларды болдырмау бойынша шаралар қабылдау, мүмкін шығындар мен зияндарын қысқарту;
эвакуациялық іс-шараларды жоспарлауды басқару;
азаматтық қорғау іс-шараларын қаржыландыру бойынша шараларды қабылдау;
төтенше жағдайлардағы іс-қимылға Комиссияны, азаматтық қорғау құрылымдарын дайындауды жүргізу.
төтенше жағдайлар қаупі-төнгенде:
кезекшілік қызметтен төтенше жағдайлар қауіп-қатері жөнінде ақпарат алған бойда Комиссияның, басшылық құрамның және жедел штаб мүшелерін хабарландыруды және жинақтауды ұйымдастыру;
қалыптасқан жағдайды бағалайды және Комиссияның мүшелеріне жеткізеді, алдағы іс-әрекет бойынша міндеттерді белгілейді;
төтенше жағдайларды жою бойынша іс-қимыл жоспарын, жедел топтардың тізімін нақтылауға өкім беру;
құрама шұғыл әрекет ету жасағын, Азаматтық қорғау құрылымдарын, құтқару қызметтерін бағыттары бойынша дайындыққа келтіруді, төтенше жағдайлар орын алған жағдайда олардың іс-қимылдарын нақтылуды, күштер мен құралдардың қорын құруды, қажет болған кезде оларды ықтимал іс-қимыл жасау орнына жіберуді ұйымдастырады;
хабарландыру және байланыс жүйелерін дайындыққа келтіруге өкім береді;
ықтимал төтенше жағдайлар аймағында басқаруды ұйымдастыруды айқандайды;
халықты қорғау жөнінде шұғыл шараларды қабылдауға, төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша іс-шараларды өткізуге және олардың салдарынан болатын зиянды азайтуды қамтамасыз ету бойынша өкім береді;
төтенше жағдайлардың орындауын, оның ауқымын, шығын мөлшері және материалдық зияндарын, сонымен қатар төтенше жағдайлардың мүмкіндік салдары екінші реттік факторлары бойынша болжау жұмысын ұйымдастырады;
қоршаған ортаның жай-күйін, нысандарда және оған іргелес аумақтардың жағдайын бақылау және қадағалау бойынша азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп әрекет етуді ұйымдастыру;
төтенше жағдайлар туындаған жағдайда халыққа, ұйымдарға уақытында хабарлау және іс-қимыл жасаумақсатында кезекшілік диспетчерлік қызмет жұмысын күшейтуді ұйымдастыру;
қауіпсіз ауданға (уақытша орналастыру ауданы) халықты ықтимал шұғыл көшіруге дайындықты ұйымдастыру;
қамтамасыз ету түрлері бойынша іс-шараларды ұйымдастыру (ЖЖМ, азық-түлікпен, қорғау құралдармен, бірінші қажетті құралдармен және т.б.);
жағдай және төтенше жағдайлардың ықтимал дамуы жөнінде жоғарғы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссияны және шекаралас аудандарды ақапараттандыруды ұйымдастыру;
тіршілікті қамтамасыз ету нысандарында, аса қаупті нысандарда өндірістік параметрлер ақпараттарын нәтижесін журналдарда тіркеп және жедел штабқа тиісті баяндамамен, ақпаратты жинауды ұйымдастыру схемасын тәулігіне кемінде 3 рет жинақтауды ұйымдастыру.
төтенше жағдайлар туындаған кезде:
Комиссияны, жедел штабты жұмыстың тәуліктік режиміне ауыстырады;
Комиссияның жұмысын ұйымдастырады, төтенше жағдайларды жою жоспарын қолданысқа енгізу туралы өкім береді;
төтенше жағдай туралы халыққа, ұйымдарға уақытында хабарлауды және оларды қорғау бойынша іс-шараларды ұйымдастырады;
құрама шұғыл әрекет ету жасағының, азаматтық қорғау құрылымдары мен азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган бөлімшелерінің төтенше жағдай аймағына уақытында келуін, төтенше жағдай аймағындағы жағдайы туралы ақпаратты жинау мен талдауды бақылайды;
қауіпсіз ауданға (уақытша орналастыру ауданы) халықты шұғыл көшіру туралы шешім қабылдайды және көшіру жоспарына сәйкес тиісті өкімдер береді;
төтенше жағдай аумағында рұқсаттама режимінің сақталуы мен қоғамдық тәртіптің қамтамасыз етілуін, материалдық және басқа да құндылықтардың сақталуын бақылайды;
зардап шеккендерге медициналық көмек беру және оларды емдеу мекемелеріне көшіруді бақылайды;
жағдай, қабылданған шаралар және төтенше жағдайларды жою бойынша жұмыстардың нәтижесі туралы жоғарғы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиясын ақпараттандыруды бақылайды.
Төтенше жағдайлардың алдын алу
және жою жөніндегі облыстық
комиссиясы туралы Ережеге 2-қосымша
Облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу
және жою комиссия төрағасы орынбасарының
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ МІНДЕТТЕРІ
(АҚ бойынша сұрақтарға жетекшілік ететін облыс әкімнің орынбасары)
төтенше жағдайларды жою жоспарын дайындауға;
Комиссияның жылға жұмыс жоспарын дайындауға;
төтенше жағдайдың болу қалғанда тұрақты басқаруды қамтамасыз ету мақсатында басқару, хабарлау және байланыс жүйесінің тұрақты даярлығына;
төтенше жағдайлардан қорғау облысында башылық құрамды, қызметкерлерді және жұмысшыларды оқыту;
көшіру органдардың жеке құрамын даярлауы мен олардың белгіленген уақытта көшіру іс-шараларын орындауы;
көшіру іс-шараларын жан-жақты қамтамасыз ету;
азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға төтенше жағдайлар туралы хабарламаны уақытында ұсыну.
күнделікті қызметте:
Комиссияның жылдық жұмыс жоспарын дайындауға басшылық ету;
төтенше жағдайларды жою бойынша іс-қимылдар жоспарын әзірлеуде және түзетуде басшылық ету;
ықтимал төтенше жағдайлардын салдарын жоюға Комиссия құрамының тұрақты дайындығын қамтамасыз ету;
азаматтық қорғау мәселелер бойынша бұйрықтардың, өкімдердің және тағы басқа нормативтік құжаттардың жобаларын Комиссияның қарауына ұсыну;
кезекшілік диспетчерлік қазметтін жұмысын бақылау;
әлеуетті қауіпті насандарды зерттеу, тиісті аумақтағы қауіпті деректемелерді анықтау, мүмкін төтенше жағдайлар салдарын болжау, оларды болдырмау мақсатында шараларды қолға алу, мүмкін шығындар мен зияндарды қысқарту;
басшылық құрманың дайындығын, халықты төтенше жағдайдағы қорғаныс тәсілдеріне үйретуді қадағалау.
төтенше жағдайдың қауіп-төнуінде:
тиісті ақпаратты (өкімді, дабылды) алған бойы Комиссияның жұмыс орнына келеді, Комиссия мүшелерінің келуін бақылайды, жұмысқа дайындығы туралы Комиссия төрағасына хабарлайды;
жағдайды анықтап, Комиссия төрағасынан міндеттемелер алады;
Комиссияны құлақтандыру мен жинауға және міндеттердің қойылуына қатысады;
төтенше жағдайларды жою бойынша міндеттерді орындауға жауапты, қызметкерлер мен жұмысшылардың жиналуын қамтамасыз етеді, оларға жағдай туралы ақпараттандырып және міндеттерді қояды;
төтенше жағдай аймағына жіберілетін жедел топтардың тізімін түзетеді;
төтенше жағдайдың дамуы мен оның салдарын болжау бойынша жұмысты, Комиссия төрағасына шешім ұсынылған ұсыныстардың дайындығын бақылайды;
төтенше жағдайда басқару пунктінің, хабарлау мен байланыс жүйесінің жұмыс жасауын бақылайды, Комиссия мүшелерінің басқару пунктіндегі тұрақты кезекшілігін ұйымдастырады;
қоршаған табиғат ортасының жағдайын, ықтимал төтенше жағдайлар аумағы мен оған іргелес аумақтардағы жағдайды байқылауды және тексеруді күшейтуді қамтамасыз етеді;
халықтың тіршілікті қамтамасыз ету және қорғау, төтенше жағдайдың тууы жағдайында мүмкін материалдық зиянды төмендету бойынша шараларды қолға алу;
азаматтық қорғау саласындағы уәкілді органдармен келесі сұрақтар бойынша:
а) аумақтағы жағдайды бақылау;
б) халықты, материалдық және басқа құндылықтарды көшіруге дайындау;
в) төтенше жағдай аймағында жұмысты орындауда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша тұрақты өзара әрекеттесуді іске асырады;
табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын алдын алу және жою бойынша іс-әрекеттер жоспарына, көшіру іс-шаралары бойынша жоспарға өзгертулер енгізеді;
төтенше жағдайдың орын алған жағдайында құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды орындайтын орталық атқарушы органдардың аумақтық органдарымен, жедел қызметтермен өзара әрекеттесу жоспарын нақтылауды қамтамасыз етеді;
төтенше жағдайлар мүмкін аумақтағы жағдай және атқарылған іс-шаралар туралы Комиссия төрағасына баяндайды. Сонымен қатар баяндамада бар күштердің және құралдардың құрамы, олардың үйлестірілуі мен пайдалануы, құрылатын топтар үшін міндеттерді күштеріне олардың іс-әрекеттері мен жұмыс объектілері бағыттары бойынша міндеттерді, мүмкін құтқару және басқа шұғыл жұмыстардың көлемі, олардың кезекті өткізілуі, басқару мен өзара әрекеттесу ұйымдастыру тәртібі;
төтенше жағдайдың орын алуында:
Комиссияның және шұғыл штабтын тәулік бойғы кезекшілігін ұйымдастырады;
төтенше жағдайларды жою бойынша іс-әрекеттер жоспарын орындауы бойынша шұғыл штабтың жұмысын ұйымдастырады;
халыққа төтенше жағдай болуы туралы ақпаратты жеткізілуін, оларды шұғыл қорғау бойынша іс-шаралардың орындалуын бақылайды;
төтенше жағдай аймағында жедел ақпаратты жинау және оны жедел штабқа жеткізу үшін жедел топтарды жібереді (егер ерте жіберлемесе);
төтенше жағдай туралы ақпараттың жиналуын, оны талдау жағдайды бағалау, келтірілген зиян мен халық шығыны туралы іс-шаралардын орындалулын бақылайды;
жағдайды бағалауда, қалпына келтіру жұмыстардың сипатын және көлемін анықтауда, оларды өткізу үшін күштер мен құралдардың көлемін анықтауға қатысады;
төтенше жағдай аймағында құтқару және басқа шұғыл жұмыстардың ұйымтастырылуын және өткізілуін бойынша шешімдерді қабылдау үшін Комиссия төрағасына ұсыныстарды ұсынады;
орын алған жағдайда зардап шеккен халықты бірінші кезекті тіршілікпен қамтамасыз ету және нысандардың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жұмыстарды ұйымдастыруға қатысады;
шешім қабылдау үшін Комиссия төрағасына ұсыныстарды әзірлейді;
көшіру іс-шараларының өткізілуін басқарады;
адамдарды құтқаруды, зардап шеккендерге бірінші медициналық көмекті көрсетіп емдеу мекемелеріне көшіруді қамтамасыз етеді;
халықты төтенше жағдай туралы, оның мүмкін дамуы мен төтенше жағдайды жою ағымы туралы ақпараттандырады, төтенше жағдай аймағындағы тұрғындардың құқықтарының және заңдылықтың сақталуын бақылайды;
Комиссия төрағасына, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жоғарғы комиссиясына жағдайы туралы, төтенше жағдайларды жою бойынша жұмыстардың жүрісі туралы баяндайды;
төтенше жағдайдың жойылуынан кейін оның болу себебін анықтауда комиссияныңәкісшілік және техникалық зерттеу жұмыстарына қатысады.
Төтенше жағдайлардың алдын алу
және жою жөніндегі облыстық
комиссиясы туралы Ережеге 3-қосымша
Облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу
және жою комиссия төрағасы орынбасарының
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ МІНДЕТТЕРІ
(Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы)
- төтенше жағдайларды болдырмау, апаттардың, стихиялық және экологиялық апаттардың салдарын жою бойынша іс-шараларды іске асыру және ұйымдастыру;
- жүктелген міндеттер есебінде жұмыстарды үйлестіру және басқару;
- комиссия мүшелерінің және ведомстволық бағынысты органдардың басшыларының төтенше жағдайдағы іс-әрекеттері дайындығын ұйымдастыру, оларды тұрақты дайындықта ұстау, олармен сабақтар өткізу ;
- ұйымдармен және ведомстволармен сонымен қатар тартылатын күштер мен құралдармен келісім сұрақтарын шешу,;
- төтенше жағдай қауіп-қатеріндегі және болу жағдайындағы іс-әрекеттерге барлық категориядағы тұрғындардың дайындығын ұйымдастыру және бақылау, апаттардың және стихиялық апаттардың салдарынан тұрғындарды қорғауға бағытталған іс-шараларды іске асыру. Басшылық құрамның АҚ курстарында оқытылуын қамтамасыз ету.
- азаматтық қорғау құрылымдары мен басқару органдарына тапсырылған міндеттерді орындауға оларды дайындықта ұстау;
- азаматтық қорғаудың басқару жүйесінің, хабарландыру мен байланысының тұрақты дайындығын қамтамасыз ету;
- төтенше жағдай болуында барлау жүргізу, жағдай туралы деректерді жинау, талдау және қортындылауды ұйымдастыру, және құтқару мен басқа шұғыл жұмыстардың ұйымдастырылуы және өткізілуін бойынша ұсыныстар жасау;
- көшіру іс-шаралары жоспарларын әзірлеуді қамтамасыз ету, резервтегі номенклатура мен материалдық-техникалық құндылықтардың, азық-түліктің және дәрілік заттардың қорын бақылау;
- төтенше жағдайдағы оқу-жаттығуды және іс-әрекеттерді ұйымдастыру;
- ТЖД ережесіне сәйкес ерекше қаупті нысандардың жағдайын тексеру;
- техногендік апаттардың қауіпін азайтумен байланысты іс-шараларды әзірлеу;
- ТЖК мүшелерін хабарландыру және жинау бойынша жүйелі жаттығу өткізуді ұйымдастыру;
- төтенше жағдайлар аудандардағы ТЖД жедел топтарымен басқару жұмыстарын қамтамасыз ету;
- қажетті күштер мен құралдарды тартуға бақылау жүргізу;
- төтенше жағдайдағы басқару схемасын әзірлеу және төтенше жағдайда іс-әрекетке ведомстволық байланыс құралдарын ұсыну.
Төтенше жағдайлардың алдын алу
және жою жөніндегі облыстық
комиссиясы туралы Ережеге 4-қосымша
Облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу
және жою комиссияның мүшелерінің
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ МІНДЕТТЕРІ
Төтенше жағдайлардан қорғау саласындағы білімді, тұрмыстағы және өндірістіктегі қаіпсіздік ережелерін насихаттау бойынша радионың және теледидарының хабарларда, баспасөзде жариялауды ұйымдастыру.
Стихиялық апаттарды, техногендік аварияларды алдын алу және жою бойынша орындалып жатқан іс-шаралар туралы тұрғындарды ақпараттандыру. Азаматтық қорғау облыстық ақпарат қызметінің төтенше жағдайда іс-қимылға тұрақты дайындықта қамтамасыз ету.