ТЖД қызметінің 2020 жылғы 1-жартыжылдығындағы нәтижелері туралы

Жедел жағдай

Есептік кезеңде Департамент пультіне 170 мыңнан астам (171 618) телефон қоңыраулары келіп түсті (бұл 2019 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 2,2 есе көп (78 952), оның ішінде 52,5 мыңға жуық (52 513) қоңырау ТЖ туындау қаупі немесе туындау фактісі туралы хабарламаларға қатысты болды (бұл 2019 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 3 есе аз (17 332).

Қоңыраулардың ұлғаюы қыс мезгілінің асқынуына және ағымдағы жылғы пандемияға байланысты. 2020 жылдың 6 айында ведомстволық бағынысты бөлімшелермен 915 адам құтқарылды (2019ж. – 517, +77%), 934 адам эвакуацияланды (2019ж. – 947, -1,4%), 90 зардап шеккенге дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетілді (2019ж. – 119, -24,4%).

Авариялық - құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарға 1845 (2019 ж.-1591, +16%) шығу жүзеге асырылды.

Төтенше жағдайлардың динамикасы

* 2020 жылдың 6 айында 14 (2019 жылы – 20, -30%) ТЖ тіркелді. 9 адам зардап шекті (2019 жылы – 32, -71,9%), 3 адам қаза болды (2019 жылы – 8, -62,5%).

* Техногендік сипаттағы ТЖ – 14 (2019 ж. – 19,-26,3%), онда 9 адам зардап шекті (2019 ж. - 32, -71,9%), 3 адам қаза болды (2019 ж. -8, -62,5%):

– 13 (2019ж. - 18, -27,8%) өндірістік және тұрмыстық өрттер, жарылыстар, техногендік сипаттағы жазатайым оқиғалар, оқ-дәрілерді табу;

– 1 (2019ж. - 1, тұрақты) ірі көлік апаттары мен оқиғалары.

– 0 (2019ж. - 0) өндірістік авариялар;

– 0 (2019ж. - 0) тіршілікті қамтамасыз ету жүйесіндегі апаттар.

Табиғи сипаттағы ТЖ – 0 (2019ж. – 1, -1 рет), онда 0 адам зардап шекті (2019ж. – 0), оның ішінде қаза болғандар – 0 (2019ж. - 0):

– 0 (2019ж. - 0) гидрометеорологиялық құбылыстар;

– 0 (2019ж. - 1, - 1 рет) табиғи өрттер.

Ақтөбе облысының аумағындағы өрттер

2020 жылдың бірінші жартыжылдығында Ақтөбе облысының аумағында 282 өрт тіркелді (2019 жылы - 412), одан келген материалдық залал 96 млн.293 мың 724 теңгені құрады (2019 жылы – 11 млн. 816 мың теңге), өрт кезінде 3 адам қаза болды (2019 жылы - 5), 4 адам жарақаттанды (2019 жылы - 10).

2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өрт санының 32,9% - ға азаюы байқалады, материалдық залал 8,1 есеге өсті, ал өрт кезінде қаза болған адамдардың саны 40% - ға, жарақат алғандардың саны 60% - ға азайды.

Сондай – ақ 1-ші жартыжылдықта облыс аумағында 19,135 га алқапта 3 орман өрті болды («ӨС және АҚЖҚ» ММ күштері мен құралдарын тартусыз сөндірілді, 2019 ж. - 10 151,4 га алқапта, 70 %-ға азайды).

Дала алқаптарының жануына келетін болсақ, 2020 жылдың 1-ші жартыжылдығында 562,33 Га алқапта 47 жану орын алды, өткен жылмен салыстырғанда 44,1%-ға кеміді (2019 жылы-84 жану).

ЕӨҚҚ өрт сөндіру кезінде 87,2% - ға қатысты, барлық жанулардың 65,9% - ы өздігінен сөндірілді, олардың қамтамасыз етілуі 52,9% - ды құрайды (облыс бойынша талап етілетін 2315 жиынтықтан тек 1225 жиынтық бар).

ТЖД қызметінің 2020 жылғы 1-жартыжылдығындағы нәтижелері туралы
Дата публикации
06 июля 2020