Ақтөбе облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ бос лауазымдарға орналасуға конкурс

«ҚР ТЖМ Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық – құтқару жұмыстары қызметі» ММ (бұдан әрі – «ӨС және АҚЖҚ») индекс 030010, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 81 «А», электрондық мекенжайы: ok_spasr_aktub@emer.kz; тел/факс 54-38-58 азаматтық қорғау органдарындағы төмендегідей бос орындарға конкурс жариялайды:

         Өрт сөндіруші-құтқарушы – 7 бірлік:

Персоналдың санаты - С-SV-13, лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдары мен арнайы атағына байланысты 114664 бастап 187151 дейін.

         Функционалдық міндеттері:

         Өрт сөндіруші-құтқарушыға келесідей міндеттер жүктеледі:

         Бөлімнің шығу аудандарын, өткелдерді, бөлімнің шығу ауданында орналасқан сукөздерінің орналасқан жерін; жәбірленушілерге бірінші дәрігерлік көмек көрсету; өрт – техникалық жарақтарды жұмыс жасалуын қарау және оларға ұқыпты қарауға; еңбек қорғау және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға; бекітілген өрт – техникалық жарақтарды тексеріп, қорытындысын жұмыс аяғанда қарауыл бастығына баяндау; өрт автокөліктерінің және басқа да өрт, авариялық – құтқару техникаларының тактикалық-техникалық мінездемесін білу; өрт-техникалық жарақтар дағдыларын жетілдіру; өрт сөндіру кезінде жұмыстар жауынгерлік есептегі негізгі міндеттемелер берілген табелге сәйкес жүргізу; Өрт сөндіруді ұйымдастыру қағидаларын, нұсқамаларды, Өртке қарсы қызметтің жұмыс жарғысын және техникалық қауіпсіздігі ережесінің талаптарын білу және адал орындау; мемлекеттік мүлікті сақтау, өрт – техникалық жарақтар мен жабдықтар үнемі жауынгерлік дайындықта және таза болуын қадағалау; өрт (апатта, табиғи апаттарда), бекеттерде, қарауылда, ішкі кезекшіліктегі қызметті атқару кезінде белсенділік таныта отырып, берілген тапсырмаларды нақты орындау; қызметтік, әскери, еңбек және орындау тәртібі заңдылықтарын мүлтіксіз орындау, сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы ережесін сақтау.

        Конкурсқа қатысушыларға негізгі талаптар:

         Жасы - 18 жастан 35 жасқа дейін, орта білімі бар, әскери қызмет өткерген немесе Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі әскери даярлықтан өткен азаматтар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылған азаматтар қабылданады.

         Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Азаматтық қорғау туралы» Заңдарын, ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік әдеп қағидалары) білуі қажет.

         Құжаттарды қабылдау (білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері; еңбек қызметін растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері (бар болса); әскери билеттің немесе шақыру учаскесіне тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі; 3х4 см көлеміндегі алты фотосурет; Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; өзіне және жұбайына кірістері мен мүлкі туралы декларацияны тапсырғаны туралы екі дана анықтамасы) аталған хабарландыру жарияланған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: Ақтөбе қ., Маресьев көшесі, 81 «А» (Ақтөбе облысының ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ кадр саясаты бөлімі), сағат 08.30-дан бастап 18.30-ға дейін (түскі үзіліс 12.30-дан бастап 14.30-ға дейін), демалыс (сенбі, жексенбі) және мерекелік күндерден басқа күндері қабылданады.

         Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну оларды қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

 

Дата публикации
26 декабря 2022