Ақтөбе облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ бос лауазымдарға орналасуға конкурс

«ҚР ТЖМ Ақтөбе облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық – құтқару жұмыстары қызметі (Ақтөбе қаласы)» ММ индекс 030010, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Гришин көшесі 64«А», электрондық мекенжайы: ok_spasr_aktub@mail.ru; тел/факс 54-38-58 төмендегідей бос лауазымдарға орналасуға іріктеу жариялайды:

Өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізуші-қызметкері – 15 бірлік:

Персоналдың санаты - С-SV-13, лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына, арнайы атағы мен сыныптық біліктілігіне байланысты 106 200 бастап 182 675 теңгеге дейін.

 

Функционалдық міндеттері:

Жүргізуші-қызметкерге келесі міндеттер жүктеледі:

Бөлімнің шығу ауданын, өту жолдарын, бөлімнің шығу ауданындағы су көздерінің орналасуын; бекітілген өрт сөндіру автокөлігінің тактикалық-техникалық сипаттамасын, құрылымын, әрекет ету принципін, жұмысын, қызмет көрсету тәртібін және басқа да өрт сөндіру, авариялық – құтқару автокөліктерінің, ақаулықтарын және жою тәсілдерін білу; барлық арнайы агрегаттар мен механизмдерде, сонымен қатар арнайы автокөліктерде орнатылған радиостанцияларда жұмыс істей білуге; қызмет өткеру, өрт сөндіру автокөліктерін пайдалану, оларды жөндеу және техникалық қызмет көрсету барысындақауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария ережелерін орындауға; бекітілген автокөлікке толық көлемде және уақытылы техникалық қызмет көрсетуге, техникалық жағдайын сапалы тексеруге; жанар-жағар май және басқа да пайдалану материалдарын үнемдеуге, оларды қолдану тәртібі мен сақтау ережелерін орындауға; гараж жабдықтарын қолдану ережелерін орындауға және бекітілген техниканы пайдалану бойынша тиісті құжаттарды толтыруға; жайғасқанға дейінгі қарауыл ішкі кезекшілігі тұлғаларының міндеттерін орындауға; қарауылдың ауысымында бекітілген өрт сөндіру техникасын тексеруге, анықталған кемшіліктерді бөлімше командиріне баяндауға және оны жою шараларын қолдануға міндетті; қызметтік, әскери, еңбек және орындау тәртібі заңдылықтарын мүлтіксіз орындау, сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы ережесін сақтау.

 

Іріктеуге қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жасы - 18 жастан 35 жасқа дейін, орта білімі бар, әскери қызмет өткерген немесе Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі әскери даярлықтан өткен азаматтар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылған азаматтар қабылданады.

Өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізуші-қызметкері лауазымына үміткерлерде  көлік құралдарының тиісті санаты болуы («С» санаты).

Құжаттарды қабылдау (білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері; еңбек қызметін растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері (бар болса); әскери билеттің немесе шақыру учаскесіне тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі; соңғы жұмыс (оқу) орнынан немесе кандидат әскери қызмет өткерген әскери бөлімнен мінездеме; 3х4 см көлеміндегі төрт фотосурет; Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; сотталғандығының болуы немесе болмауы туралы анықтама; өзіне және жұбайына кірістері мен мүлкі туралы декларацияны тапсырғаны туралы екі дана анықтамасы) аталған хабарландыру жарияланған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: Ақтөбе қ., Гришин көшесі 64 «А» (Ақтөбе облысының ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ кадр саясаты бөлімі), сағат 08.30-дан бастап 18.30-ға дейін (түскі үзіліс 12.30-дан бастап 14.30-ға дейін), демалыс (сенбі, жексенбі) және мерекелік күндерден басқа күндері қабылданады.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну оларды қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

 

Дата публикации
28 октября 2022