Ақтөбе облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ бос лауазымдарға орналасуға конкурс

«ҚР ТЖМ Ақтөбе облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық – құтқару жұмыстары қызметі» ММ индекс 030010, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 81«А», электрондық мекенжайы: ok_spasr_aktub@mail.ru; тел/факс 54-38-58 төмендегідей бос лауазымдарға үміткерлерді іріктеуді жариялайды:

Радиотелефоншы – 4 бірлік:

Персоналдың санаты - С-SV-13, лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына, арнайы атағы мен сыныптық біліктілігіне байланысты 106 200 теңгеден басталады.

 Функционалдық міндеттері:

Радиотелефоншыға келесі міндеттер жүктеледі:

жауынгерлік кезекшілікке түскен кезде бөлімнің байланыс пунктіндегі құжаттамаларды, мүліктер мен техникалық құралдарды тізім бойынша қабылдап алу; телефонмен түскен барлық шақыртуларға тез арада жауап беру; бекітілген тәртіпте бөлімнің байланыс пунктінің журналына хабарламаларды енгізу және қажет болған жағдайда ол бойынша тиісті шешімдер қабылдау; бөлімнің шығу ауданындағы шұғыл жағдайды, өрт сөндірудің шұғыл жоспарлары мен карточкалары жасалған және бөлімшенің өртке жоғарғы шақырту нөмірі (рангі) бойынша жіберілетін кәсіпорындар тізімін білу; өрт сөндіру гарнизонында орналасқан сусыз учаскелерді, маңызды және өрт қауіпті нысандардың орналасу орнын, өткелдер мен су көздерін, сонымен қатар өрт автокөліктерінің  негізгі тактика – техникалық мәліметтерін білу; бөлімнің байланыс пунктінің қызметтік және анықтамалық құжаттарын пайдалана білу; өрт туралы хабарламаларды тез қабылдауды қамтамасыз ету; кезекшілікке түскен және кезекшілікті атқару кезінде бөлімінің байланыс пунктіндегі байланыс құралдарының жұмысын тексереді, олармен жұмыс жасау кезінде техникалық қауіпсіздік ережесін сақтау; байланыс құралдарының қалпын және тазалығын тексеру, олардың істен шыққан туралы ауысым жетекшісіне баяндау; аудан (нысан) өрт күзеті өзара іс – әрекеттесетін қызметтерімен байланыс ұстап, қажетіне қарай ол қызметтерді өрт (апат, табиғи апаттарға) белгіленген тәртіпке сәйкес жолдау; қызметтік, әскери, еңбек және орындау тәртібі заңдылықтарын мүлтіксіз орындау, сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы ережесін сақтау.

Іріктеуге қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жасы - 18 жастан 35 жасқа дейін, толық орта білімі бар.

Өзімен бірге: бiлiмi туралы құжаттардың көшiрмелерi; еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшiрмесi (болған кезде); әскери билеттің немесе шақыру учаскесіне тіркелгені туралы куәлігінің көшiрмесi; кандидаттың соңғы жұмыс (оқу) орнынан немесе әскери қызметін өтеген әскери бөлімнен мінездеме; 3х4 см өлшемдегі төрт фотосуреті; Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2014 жылғы 10 шілдедегі № 71 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9638 болып тіркелген) бекітілген Арнайы есепке алудың жекелеген түрлерiн жүргiзу мен пайдаланудың Қағидасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша адамның қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны туралы мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама; өзіне және жұбайына кірістері мен мүлкі туралы декларацияны тапсырғаны туралы екі данада анықтама; құжаттарды тапсыру сәтінде өту мәнінен төмен емес нәтижелері бар, Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне тестілеуден өткені туралы жарамды сертификатты (не сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесін); құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалаудан өткені туралы жарамды қорытындыны (не қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесін) болуы қажет.

Құжаттарды қабылдау аталған хабарландыру жарияланған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: Ақтөбе қ., Маресьев көшесі, 81«А» (Ақтөбе облысының ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ кадр саясаты бөлімі), сағат 08.30-дан бастап 18.30-ға дейін (түскі үзіліс 12.30-дан бастап 14.30-ғе дейін), демалыс (сенбі, жексенбі) және мерекелік күндерден басқа күндері қабылданады.

Дата публикации
11 апреля 2022