«ҚР ТЖМ Ақтөбе облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық – құтқару жұмыстары қызметі» ММ индекс 030010, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 81«А», электрондық мекенжайы: ok_spasr_aktub@mail.ru; тел/факс 54-38-58 төмендегідей бос лауазымдарға алғашқы кәсіптік даярлықтан өтуге үміткерлерді іріктеуді жариялайды:
Персоналдың санаты - С-SV-12, лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына, арнайы атағы мен сыныптық біліктілігіне байланысты 106 200 бастап 179 507 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері:
Қол сұғылмайтын қор қоймасының аға бақылаушысына келесі міндеттер жүктеледі:
қызметтік құжаттарды сақтау және пайдалану ережелерін сақтау;
мүлікті қорғауға, оны жарамды күйде ұстау;
кезекшілікті қабылдау кезінде өртке қарсы құрал-саймандардың болуын және жарамдылығын, ыдыстарда су мен құмның болуын, сондай-ақ терезелердің, есіктердің, торлардың, құлыптардың, мөрлердің, пломбалардың, күзетілетін аумақтың сыртқы қоршауының бүтіндігін мұқият тексеру;
өртке қарсы қызметті шақыру тәртібін білу;
қойма аумағын қоқыстан және құрғақ шөптен тазарту;
қойма аумағында және сыртқы қоршаудан 50 метр қашықтықта от жағуға жол бермеу;
өрт болған жағдайда бақылаушы дереу байланыс құралдары арқылы өртке қарсы қызметті шақыруға, өртке қарсы қызмет келгенге дейін өртті сөндіруге шаралар қолдануға, аса қажет болған және қойма ішінде мүліктің тұтану қаупі төнген жағдайда, қойма меңгерушісі болмаған кезде қойманы ашуға, мүлікті қауіпсіз аймаққа шығаруды ұйымдастыруға, оны күзетуді қамтамасыз етуге міндетті;
өткізу режимін қатаң сақтау;
мемлекеттік қызметшінің заңдылығын, қызметтік, әскери, Еңбек және орындаушылық тәртібін, сондай-ақ этикасын мүлтіксіз сақтау;
заңдылықты, қызметтік, әскери және еңбек тәртібін бұзуға ықпал ететін фактілерді, олардың туындау себебін анықтау;
Іріктеуге қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
Жасы - 18 жастан 35 жасқа дейін, орта білімі бар, әскери қызмет өткерген немесе Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі әскери даярлықтан өткен азаматтар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылған азаматтар қабылданады.
Өзімен бірге: бiлiмi туралы құжаттардың көшiрмелерi; еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшiрмесi (болған кезде); әскери билеттің немесе шақыру учаскесіне тіркелгені туралы куәлігінің көшiрмесi; кандидаттың соңғы жұмыс (оқу) орнынан немесе әскери қызметін өтеген әскери бөлімнен мінездеме; 3х4 см өлшемдегі төрт фотосуреті; Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2018 жылғы 27 ақпандағы №29 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16667 болып тіркелген) Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылатын адамдардың, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдардың арнайы есебін, ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдардың дактилоскопиялық арнайы есебін жүргізу және пайдалану қағидаларына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша адамның қылмыстық бұзушылықты жасағаны туралы мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтаманы; өзіне және жұбайына кірістері мен мүлкі туралы декларацияны тапсырғаны туралы екі данада анықтама болуы қажет.
Құжаттар пакетін толық ұсынбау оларды қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі жеті жұмыс күнін құрайды, ол іріктеу өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.