Ақтөбе облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ бос лауазымдарға орналасуға конкурс

«ҚР ТЖМ Ақтөбе облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық – құтқару жұмыстары қызметі» ММ индекс 030010, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 81«А», электрондық мекенжайы: ok_spasr_aktub@mail.ru; тел/факс 54-38-58 төмендегідей бос лауазымдарға үміткерлерді іріктеуді жариялайды:

Өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізуші-қызметкері – 8 бірлік.

Персоналдың санаты - С-SV-13, лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына, арнайы атағы мен сыныптық біліктілігіне байланысты 106 200 бастап 182 675 теңгеге дейін.

 

Функционалдық міндеттері:

Жүргізуші-қызметкерге келесі міндеттер жүктеледі:

Бөлімнің шығу ауданын, өту жолдарын, бөлімнің шығу ауданындағы су көздерінің орналасуын; бекітілген өрт сөндіру автокөлігінің тактикалық-техникалық сипаттамасын, құрылымын, әрекет ету принципін, жұмысын, қызмет көрсету тәртібін және басқа да өрт сөндіру, авариялық – құтқару автокөліктерінің, ақаулықтарын және жою тәсілдерін білу; барлық арнайы агрегаттар мен механизмдерде, сонымен қатар арнайы автокөліктерде орнатылған радиостанцияларда жұмыс істей білуге; қызмет өткеру, өрт сөндіру автокөліктерін пайдалану, оларды жөндеу және техникалық қызмет көрсету барысындақауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария ережелерін орындауға; бекітілген автокөлікке толық көлемде және уақытылы техникалық қызмет көрсетуге, техникалық жағдайын сапалы тексеруге; жанар-жағар май және басқа да пайдалану материалдарын үнемдеуге, оларды қолдану тәртібі мен сақтау ережелерін орындауға; гараж жабдықтарын қолдану ережелерін орындауға және бекітілген техниканы пайдалану бойынша тиісті құжаттарды толтыруға; жайғасқанға дейінгі қарауыл ішкі кезекшілігі тұлғаларының міндеттерін орындауға; қарауылдың ауысымында бекітілген өрт сөндіру техникасын тексеруге, анықталған кемшіліктерді бөлімше командиріне баяндауға және оны жою шараларын қолдануға міндетті; қызметтік, әскери, еңбек және орындау тәртібі заңдылықтарын мүлтіксіз орындау, сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы ережесін сақтау.

 

Іріктеуге қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жасы - 18 жастан 35 жасқа дейін, толық орта білімі бар,  әскери қызмет өткерген немесе Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі әскери даярлықтан өткен азаматтар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылған азаматтар қабылданады.

Өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізуші-қызметкері лауазымына үміткерлерде  көлік құралдарының тиісті санаты болуы («С» санаты).

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Азаматтық қорғау туралы» Заңдарын, ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік әдеп қағидалары) білуі қажет.

Өзімен бірге: бiлiмi туралы құжаттардың көшiрмелерi; еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшiрмесi (болған кезде); әскери билеттің немесе шақыру учаскесіне тіркелгені туралы куәлігінің көшiрмесi; кандидаттың соңғы жұмыс (оқу) орнынан немесе әскери қызметін өтеген әскери бөлімнен мінездеме; 3х4 см өлшемдегі төрт фотосуреті; Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2014 жылғы 10 шілдедегі № 71 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9638 болып тіркелген) бекітілген Арнайы есепке алудың жекелеген түрлерiн жүргiзу мен пайдаланудың Қағидасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша адамның қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны туралы мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама; өзіне және жұбайына кірістері мен мүлкі туралы декларацияны тапсырғаны туралы екі данада анықтама болуы қажет.

Құжаттарды қабылдау аталған хабарландыру жарияланған сәттен бастап жеті жұмыс күні ішінде мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: Ақтөбе қ., Маресьев көшесі, 81«А» (Ақтөбе облысының ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ кадр саясаты бөлімі), сағат 08.30-дан бастап 18.30-ға дейін (түскі үзіліс 12.30-дан бастап 14.30-ғе дейін), демалыс (сенбі, жексенбі) және мерекелік күндерден басқа күндері қабылданады.

Ақтөбе облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ бос лауазымдарға орналасуға конкурс
Дата публикации
02 ноября 2021