Ақтөбе облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ бос лауазымдарға орналасуға конкурс

«ҚР ТЖМ Ақтөбе облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық – құтқару жұмыстары қызметі (Ақтөбе қаласы)» ММ индекс 030010, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 81«А», электрондық мекенжайы: ok_spasr_aktub@mail.ru; тел/факс 54-38-58 төмендегідей бос лауазымдарға орналасуға іріктеу жариялайды:

Өрт сөндіруші-құтқарушы – 30 бірлік:

Ақтөбе қаласы №22 өрт сөндіру бөлімі - 10 бірлік;

Ақтөбе қаласы №23 өрт сөндіру бөлімі - 10 бірлік;

Ақтөбе қаласы №24 өрт сөндіру бөлімі - 10 бірлік.

Персоналдың санаты - С-SV-13, лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдары, арнайы атағына мен сыныптық біліктілігіне байланысты 106 200 бастап 179 507 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері:

Өрт сөндіруші-құтқарушыға келесідей міндеттер жүктеледі:

Бөлімнің шығу аудандарын, өткелдерді, бөлімнің шығу ауданында орналасқан сукөздерінің орналасқан жерін; жәбірленушілерге бірінші дәрігерлік көмек көрсету; өрт – техникалық жарақтарды жұмыс жасалуын қарау және оларға ұқыпты қарауға; еңбек қорғау және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға; бекітілген өрт – техникалық жарақтарды тексеріп, қорытындысын жұмыс аяғанда қарауыл бастығына баяндау; өрт автокөліктерінің және басқа да өрт, авариялық – құтқару техникаларының тактикалық-техникалық мінездемесін білу; өрт-техникалық жарақтар дағдыларын жетілдіру; өрт сөндіру кезінде жұмыстар жауынгерлік есептегі негізгі міндеттемелер берілген табелге сәйкес жүргізу; Өрт сөндіруді ұйымдастыру қағидаларын, нұсқамаларды, Өртке қарсы қызметтің жұмыс жарғысын және техникалық қауіпсіздігі ережесінің талаптарын білу және адал орындау; мемлекеттік мүлікті сақтау, өрт – техникалық жарақтар мен жабдықтар үнемі жауынгерлік дайындықта және таза болуын қадағалау; өрт (апатта, табиғи апаттарда), бекеттерде, қарауылда, ішкі кезекшіліктегі қызметті атқару кезінде белсенділік таныта отырып, берілген тапсырмаларды нақты орындау; қызметтік, әскери, еңбек және орындау тәртібі заңдылықтарын мүлтіксіз орындау, сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы ережесін сақтау.

Конкурсқа қатысушыларға негізгі талаптар:

Жасы - 18 жастан 35 жасқа дейін, орта білімі бар, әскери қызмет өткерген немесе Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі әскери даярлықтан өткен азаматтар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылған азаматтар қабылданады.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Азаматтық қорғау туралы» Заңдарын, ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік әдеп қағидалары) білуі қажет.

Құжаттарды қабылдау (білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері; еңбек қызметін растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері (бар болса); әскери билеттің немесе шақыру учаскесіне тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі; соңғы жұмыс (оқу) орнынан немесе кандидат әскери қызмет өткерген әскери бөлімнен мінездеме; 3х4 см көлеміндегі төрт фотосурет; Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; сотталғандығының болуы немесе болмауы туралы анықтама; өзіне және жұбайына кірістері мен мүлкі туралы декларацияны тапсырғаны туралы екі дана анықтамасы) аталған хабарландыру жарияланған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: Ақтөбе қ., Маресьев көшесі, 81«А» (Ақтөбе облысының ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ кадр саясаты бөлімі), сағат 08.30-дан бастап 18.30-ға дейін (түскі үзіліс 12.30-дан бастап 14.30-ға дейін), демалыс (сенбі, жексенбі) және мерекелік күндерден басқа күндері қабылданады.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну оларды қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

Ақтөбе облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ бос лауазымдарға орналасуға конкурс
Дата публикации
29 сентября 2021