«ҚР ІІМ ТЖК Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық – құтқару жұмыстары қызметі» ММ индекс 030010, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 81 «А», электрондық мекенжайы: ok_spasr_aktub@emer.kz; тел/факс 54-38-58 төмендегідей бос орындарға конкурс жариялайды:
Құтқару бөлімшесінің құтқарушысы-4 бірлік
Лауазымдық жалақысы орындалатын авариялық-құтқару жұмыстарына және өтіліне байланысты 67000 теңгеден 105000 теңгеге дейін (орта білімі бар тұлғаларға), 81830 теңгеден 120000 теңгеге дейін (жоғары білімі бар тұлғаларға).
Функционалдық міндеттері:
Құтқарушыға мынадай міндеттер жүктеледі:
төтенше жағдайларды жою кезінде авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды, сондай-ақ адамдар мен мүлікті құтқару жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
су объектілерінде адам қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың денсаулығы мен тыныс-тіршілігін қорғау жөніндегі іс-шаралар;
алғашқы медициналық көмек көрсету, сондай-ақ төтенше жағдай аумағынан жараланған адамдар мен материалдық құндылықтарды эвакуациялауға қатысу;
ЖКО-ға түскен көлік құралдарынан адамдарға шығуға көмек және оларға медициналық көмек көрсету;
қауіпті жазатайым оқиғалардың алдын алу жөніндегі профилактикалық қызметке байланысты өзге де іс-шаралар;
төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға қатысу;
белгіленген кестеге сәйкес кезекшілік атқару;
табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ туындау қатері немесе фактісі туралы ақпаратты қамтитын кез келген төтенше жағдайлар туралы халықтан және ұйымнан хабарламалар қабылдау;
оқу-жаттығу сабақтарына қатысу;
құтқару құралдарын пайдалана білу, суға батып бара жатқан адамға жақындау, оны судан алып шығу, қармаулардан босату тәсілдерін, зардап шегушіге тіркеп сүйреу және дәрігерге дейінгі көмек көрсету тәсілдерін білу;
өз білімін үнемі жетілдіріп отыру және өзара алмастыру үшін станция жеке құрамының аралас мамандықтарын меңгеру;
суда (мұзда) адамдармен жазатайым оқиғаларды болдырмауға бағытталған іс-шаралар мен әңгімелесулер өткізуге қатысу;
қауіпсіздік техникасы ережелері мен нормаларын қатаң сақтау және қажеттілігіне қарай жеке қорғаныс құралдарын қолдану
Талап:
18 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы. Спортшы альпинизм, спорттық туризм, құтқару көпсайысы, әскери-қолданбалы (немесе басқа) спорт түрлері бойынша разрядтаушы, жүзе білуі. Білімі ортадан төмен емес.
Құжаттарды тапсыру ережелері Ақтөбе облысы ТЖД сайтында "хабарландыру" бөлімінде орналастырылған. (dchsaktobe.gov.kz).