«ҚР ТЖМ Ақтөбе облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық – құтқару жұмыстары қызметі» ММ индекс 030010, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 81«А», электрондық мекенжайы: ok_spasr_aktub@mail.ru; тел/факс 54-38-58 төмендегідей бос лауазымдарға алғашқы кәсіптік даярлықтан өтуге үміткерлерді іріктеуді жариялайды:
Персоналдың санаты - С-SV-13, лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына, арнайы атағы мен сыныптық біліктілігіне байланысты 106 200 бастап 179 507 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері:
Өрт сөндіруші-құтқарушыға келесі міндеттер жүктеледі:
Бөлімнің шығу ауданын, өту жолдарын, бөлімнің шығу ауданындағы су көздерінің орналасуын; бекітілген өрт сөндіру автокөлігінің тактикалық-техникалық сипаттамасын, құрылымын, әрекет ету принципін, жұмысын, қызмет көрсету тәртібін және басқа да өрт сөндіру, авариялық – құтқару автокөліктерінің, ақаулықтарын және жою тәсілдерін білу; барлық арнайы агрегаттар мен механизмдерде, сонымен қатар арнайы автокөліктерде орнатылған радиостанцияларда жұмыс істей білуге; қызмет өткеру, өрт сөндіру автокөліктерін пайдалану, оларды жөндеу және техникалық қызмет көрсету барысындақауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария ережелерін орындауға; бекітілген автокөлікке толық көлемде және уақытылы техникалық қызмет көрсетуге, техникалық жағдайын сапалы тексеруге; жанар-жағар май және басқа да пайдалану материалдарын үнемдеуге, оларды қолдану тәртібі мен сақтау ережелерін орындауға; гараж жабдықтарын қолдану ережелерін орындауға және бекітілген техниканы пайдалану бойынша тиісті құжаттарды толтыруға; жайғасқанға дейінгі қарауыл ішкі кезекшілігі тұлғаларының міндеттерін орындауға; қарауылдың ауысымында бекітілген өрт сөндіру техникасын тексеруге, анықталған кемшіліктерді бөлімше командиріне баяндауға және оны жою шараларын қолдануға міндетті; қызметтік, әскери, еңбек және орындау тәртібі заңдылықтарын мүлтіксіз орындау, сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы ережесін сақтау.
Іріктеуге қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
Жасы - 18 жастан 35 жасқа дейін, орта білімі бар, әскери қызмет өткерген немесе Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі әскери даярлықтан өткен азаматтар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылған азаматтар қабылданады.
Өзімен бірге: бiлiмi туралы құжаттардың көшiрмелерi; еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшiрмесi (болған кезде); әскери билеттің немесе шақыру учаскесіне тіркелгені туралы куәлігінің көшiрмесi; кандидаттың соңғы жұмыс (оқу) орнынан немесе әскери қызметін өтеген әскери бөлімнен мінездеме; 3х4 см өлшемдегі төрт фотосуреті; Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2018 жылғы 27 ақпандағы №29 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16667 болып тіркелген) Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылатын адамдардың, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдардың арнайы есебін, ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдардың дактилоскопиялық арнайы есебін жүргізу және пайдалану қағидаларына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша адамның қылмыстық бұзушылықты жасағаны туралы мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтаманы; өзіне және жұбайына кірістері мен мүлкі туралы декларацияны тапсырғаны туралы екі данада анықтама болуы қажет.
Құжаттар пакетін толық ұсынбау оларды қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
Құжаттарды қабылдау аталған хабарландыру жарияланған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: Ақтөбе қ., Маресьев көшесі, 81«А» (Ақтөбе облысының ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ кадр саясаты бөлімі), сағат 09.00-ден бастап 18.00-ге дейін (түскі үзіліс 12.30-дан бастап 14.30-ға дейін), демалыс (сенбі, жексенбі) және мерекелік күндерден басқа күндері қабылданады.