
2020 жылғы 12 қыркүйекте 18 сағат 53 минутта Целиноград ауданы Ақмол ауылында «Экопак Астана» ЖШС-нің екі қабатты жеке тұрған ғимаратында 800 ш.м. алаңда картон орама өндірісі бойынша өрт шығып, ғимараттың шатыры құлады-деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ баспасөз қызметі.
Өрттің күрделілігі ғимараттың екінші қабатында картон қаптамалар өндірісі болды. 21 сағат 52 минутта өрт ауыздықталды. 01 сағат 10 минутта толықтай жойылды. Өртті сөндіруге Ақмола облысы және Нұр-сұлтан қаласы ТЖД, әскери бөлім және ЖАО күштері мен құралдары жұмылдырылды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала себебі анықталуда - деді Ақмола облысы ТЖД бастығының орынбасары Манарбек Шапағатов.
Ақмола облысы ТЖД Өрт сөндіру қызметі облыс тұрғындары мен қонақтарына өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді. Электр желісіне қосылған тұрмыстық электр жылыту аспаптарын қалдыруға, бүлінген электр розеткалары мен қосқыштарды пайдалануға болмайды. Өрт туындаған жағдайда дереу өртке қарсы қызметке 101 және 112 телефондары арқылы хабарлау қажет.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі