
Ақмола облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығы азаматтық қорғау полковнигі Нұрлан Тасовтың атына Шортанды ауданы Қосшы ауылының тұрғыны Құрманбайұлы Кенжебайдан алғыс хат келіп түсті.
Хаттан: Құрметті Нұрлан Қуандықұлы ! Мен Құрманбайұлы Кенжебай Шортанды ауданы Қосшы ауылында 2007 жылдан бері тіршілік етіп келемін. Жеке кәсіппен айналысып жүргеніме де 15 жыл болды. Содан бері өрт сөндіру қызметкерлерінің мынжұмысы туралы мәлімдемем болмады. Кеше ғана Қосшы ауылының маңында машинам өртеніп,өрт сөндіру қызметіне жүгіндім, бірақ олар келіп көмектеседі дегенге сенбедім. Ал бұл жігіттер мен ойлағандай болып шықпады. Телефон шалғаным сол еді, 7 км жерге бас аяғы 10 минутқа жетпейтін уақытта келіп, жанып жатқан машинамды сөндіріп, көп шығыннан аман сақтады.
Сіздің басқаруыңыздағы ұжымға менің атымнан алғыс айтуыңызды сұраймын.Және де Шортанды аудандық өрт сөндіру ұйымына шын жүрегімнен алғысымды айтамын. Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін.
Ақмола облысы ТЖД «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ
Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы