
2020 жылғы 06 қыркүйекте 15 сағат 50 минутта құтқарушылар пультіне «Бурабай» шипажайынан 7 адамнан тұратын бір топ турист орман жолы бойымен орманға барып, 100 метр биіктікке көтерілгені туралы телефон арқылы хабарлама келіп түсті, онда 1965 ж.т. әйелдің сол аяғынан жарақат алып, төмен түсе алмайды - деп Ақмола облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ баспасөз қызметі хабарлайды.
Шақырту орнына дереу Бурабай кенті мен Щучье қаласы құтқару жасақтарының кезекші ауысымдары құрамында 4 адам және 1 бірлік техника шықты. Құтқарушылар оқиға орнына келгеннен кейін құтқару жұмыстарын бастады және зембілде әйелді түсірді. Оған дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетіліп, жедел жәрдем көлігі қызметкерлеріне тапсырылды - деді Ақмола облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығы Нұрлан Тасов.
Ақмола облысы ТЖД Өрт сөндіру қызметі облыс тұрғындары мен қонақтарына тауға барар алдында бағытты мұқият зерделеу қажеттігін ескертеді. Тауларға барар алдында туристерге таудағы қауіпсіз мінез-құлық шараларын мұқият оқып, ыңғайлы киім мен аяқ киімді таңдауға кеңес береміз. Егер сіз топпен бірге баратын болсаңыз, бір-біріңізден қалмауға тырысыңыздар. Таудағы қарапайым мінез-құлық ережелерін сақтаңыздар.
Ақмола облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ
Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы