
Көкшетауда Ақмола облысы ТЖД күштері мен құралдары топтарын шығарып салу өтті.
Құтқарушыларды ТЖ департаментінің бастығы Бақытжан Алашов жеке өзі жүргізіп, олардың алдағы жұмыстағы орасан зор рөлін атап өтіп, оларға сәттілік тіледі. Жеке құрамнан барлығы 73 адам, 21 бірлік техника, 5 жүзу құралы және 4 топтан тұратын 8 мотопомпалар өңірдің су тасқынына барынша бейім учаскелеріне жол тартты.
ТЖД қызметкерлері Целиноград, Аршалы, Атбасар аудандарында және Қосшы қаласында су тасқынына қарсы іс-шаралар өткізетін болады. Айта кету керек, қажет болған жағдайда күштер мен қаражат ең қауіпті жерлерге аударылады.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі