Жаңа жылдық мерекелерді өткізу бақылауда

Жаңа жылдық мерекелерді өткізу бақылауда

Ақмола облысының ТЖ Департаменті жаңа жылдық мерекелер кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған кезекті брифинг өткізді.

Спикер атап өткендей, жаңа жылдық іс-шараларды өткізуге тартылған 544 нысан есепке алынды. Бұл білім беру, мәдениет, демалыс нысандары ірі елді мекендердің орталық алаңдары. Бүгінгі таңда барлық нысандар бойынша тексерулер жүргізілді, 154 бұзушылық анықталды, олар сол жерде жойылды. 20 жедел топ жұмыс істейді, оқу-жаттығулар өткізілді. Сондай-ақ 89 рейд ұйымдастырылды, оның барысында 279 пиротехникалық бұйым тәркіленді және 38 әкімшілік хаттама жасалды. Ауқымды профилактикалық жұмыс-брифингтер, дәрістер, нұсқамалар, интерактивті сабақтар және дөңгелек үстелдер кәсіпкерлермен өткізілді. Соңғы кездесулердің бірі өңірлік кәсіпкерлер палатасының базасында өтті, онда корпоративтік кештер өткізу кезеңі қарсаңында ЖАО, полиция және мейрамханалар мен кафелер иелерімен өрт қауіпсіздігі шаралары талқыланды.

Кездесу соңында Ақмола облысы ТЖД МӨББ бастығының орынбасары Ержан Ғаббас БАҚ өкілдеріне өрт қауіпсіздігі шараларын кезекті рет жеткізді, оларды сақтау жаңа жылдық мерекелерді қауіпсіз қарсы алуға мүмкіндік береді.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі