Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасының алаңында өңірдің төтенше жағдайлар департаменті кәсіпкерлік субъектілерімен кездесу ұйымдастырды.
Кеңестің мақсаты-заңнаманы түсіндіру. Ақмола облысы ТЖД өкілдері ҚР кейбір заңнамалық актілеріне жедел ден қою шараларын қолдану бөлігінде енгізілген өзгерістер туралы айтып берді. Кәсіпкерлерге белгілі бір бұзушылықтар анықталған кезде қабылданатын шаралар туралы түсіндірілді. Отырысқа қатысушылар пікір алмасты. Сонымен қатар, іс-шара БКБ форматында өтті, жаңа нормалар облыстың барлық аудандарына жеткізілді.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі