Туған өлкенің тарихымен танысу

Туған өлкенің тарихымен танысу

 Ақмола облысы ТЖД қызметкерлері Көкшетау қаласының «Әдебиет және өнер мұражайына» барды.

Экскурсия мәдени білім беруді арттыру және әлеуметтік-патриоттық белсенділікті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды. Құтқарушылар мұражай экспонаттарымен үлкен қызығушылықпен танысты. Экскурсовод Ақмола өңірінің атақты адамдары туралы айтты, олар Сәкен Жүнісов, Ілияс Есенберлин, Біржан сал және басқалар. Айта кету керек, құтқарушылар туған өлкенің тарихы бойынша сұрақтар қоюда белсенді болды.

 

 Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі