Ақмолалық құтқарушылар саммит өткізудің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын

Ақмолалық құтқарушылар саммит өткізудің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын

Астанада осы күндері Орталық Азия мемлекеттері басшыларының саммитін өткізу жоспарлануда.

 Халықаралық іс-шараны өткізудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Төтенше жағдайлар министрлігінің өкімі бойынша Қосшы қаласы гарнизондарының және елордалық аудандардың жеке құрамы қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасына ауыстырылатын болады. Ақмола облысы ТЖД күштері мен құралдарын топтастыру үшін қосымша күштері аттанды. Астана агломерациясын өртке қарсы қорғауды қамтамасыз ету аясында алдын алу шараларынан бастап өрт сөндіру бекеттерін қоюға дейін қойылған міндеттерді орындау бойынша іс-шаралар кешені жоспарланған.

 

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі