Өрт сөндіру депосын салу жұмыстары жандандырылуы тиіс

Өрт сөндіру депосын салу жұмыстары жандандырылуы тиіс

ҚР ТЖМ өкілдері Қосшы қаласында салынып жатқан өрт сөндіру депосының ғимаратына барды.

Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы азаматтық қорғау полковнигі Рамиль Камалов және қаржы және Мемлекеттік сатып алу департаменті директорының орынбасары Дәурен Есімсейітов мердігер ұйымның өкілімен кездесті. Әңгіме барысында құрылысшыларға нысанды тезірек тапсыру жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.

Сондай-ақ, № 35 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне барып, министрлік өкілдеріне қызметкерлердің қызмет атқару шарттары туралы ақпарат берілді.

 

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі