
Ақмола облысында алдағы көктемгі су тасқынына белсенді дайындық жалғасуда.
15 наурыздан бастап облыстық су тасқынына қарсы штаб ашылды, олар аудандар аумағындағы су тасқыны жағдайының қолайсыз дамуына байланысты ТЖ-ға әсер ететін факторлар туралы ақпарат жинақтайды. Сондай-ақ, жұмыс тобы Гидротехникалық құрылыстарды тасқын сулармен толтыруға, олардың өзен арналары арқылы өтуіне мониторинг жүргізеді.
Департаментпен 401 адамнан тұратын күштер мен құралдар, 75 бірлік техника, 10 жүзу құралдары, 83 мотопомпа дайындалды. Аудандарда су тасқыны жағдайы қиындаған жағдайда департаменттің резервтік күштері мен құралдарын көшіру ұйымдастырылатын болады.