8 наурыз мерекесі қарсаңында облыстың өрт сөндіруші-құтқарушылары ер азаматтармен қатар қызмет етіп жүрген, азаматтардың тыныштығы мен амандығын қамтамасыз етіп жүрген нәзік жанды әйелдер қауымын мерекелерімен құттықтады.
«Бүгінгі таңда әйелдер қоғам өмірінің барлық саласында маңызды рөл атқарады. Азаматтық қорғау органдары саласы да тыс қалған жоқ. Сіздердің кәсіби және жеке қасиеттеріңіз, адамдарға деген ілтипатты қарым-қатынасыңыз жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сіздерге шын жүректен бақыт, денсаулық, отбасылық амандық, еңбекте табыс және көктемгі көтеріңкі көңіл-күй тілейміз!» – деді Департамент бастығының уақытша міндетін атқарушы Қанат Доспаев.
Сонымен қатар, салтанатты шара барысында бірқатар қызметкерлер ведомстволық наградалармен, грамоталармен және де алғыс хаттармен марапатталды. Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінде барлығы 100-ден астам әйел адамдар жұмыс істейді.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі