Ақмола облысындағы өрт қауіпсіздігі айы

Ақмола облысындағы өрт қауіпсіздігі айы

Жылыту кезеңі қарсаңында Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментімен өрт қауіпсіздігі айының ІІ кезеңі жалғасуда, – деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Тұрғын үй секторындағы өрттің алдын алу мақсатында тамыз айынан бастап халықтың әлеуметтік осал топтарының 7 мыңнан астам үйі қамтылып, 3000-ға жуық бұзушылық анықталды. Адам өлімінің алдын алу үшін 727 көміртегі тотығы датчигі орнатылды, тағы 957 датчик орнату жоспарлануда.
Естеріңізге сала кетейік, 2022-2023 жылдардағы жылыту кезеңінде Ақмола облысының тұрғын үй секторында 336 өрт тіркелген. Өртте 14 адам қаза тауып, 7 адам жарақат алды.
Ақмола облысының ТЖД өрттің алдын алудың маңызды шарты – өрт қауіпсіздігі ережелерін мүлтіксіз сақтау және орындау болып табылатынын еске салады.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі