
2023 жылғы 30 маусымда Ақмола облысы ТЖ Департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ мәжіліс залында азаматтық қорғау органдарына қызметке орналасу бойынша әңгімелесу өтті.
Конкурсқа медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, оның ішінде полиграфиялық зерттеуден сәтті өткен, әскери-дәрігерлік комиссия қызметке жарамды деп таныған және қажетті құжаттарды Ақмола облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ кадр саясаты бөліміне тапсырған 17 кандидат қатысты.
Үміткерлер ҚР ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы АҚА Көкшетау қаласының оқу орталығына алғашқы кәсіби даярлыққа жіберілді.
Ақмола облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ
Кадр саясаты бөлімі