Ақмола облысындағы жылыту пункттеріне 45 адам эвакуацияланды

Ақмола облысындағы жылыту пункттеріне 45 адам эвакуацияланды

2023 жылғы 24 ақпанда Республикалық маңызы бар «Жақсы-Есіл-Бұзылық» автожолының жабық учаскесінен 60 км а/ж ауа-райының нашарлауына байланысты құтқарушылар жергілікті атқарушы органдармен және полиция қызметімен бірлесіп жолаушылар автобусынан 45 адамды эвакуациялады, оның ішінде 3 бала, – деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Осылайша, Ресей Федерациясының 45 азаматы «С. Серіков атындағы ОМ Балалар интернатына» жылыту пунктіне орналастырылды. Оларға ыстық тамақ және барлық қажетті көмек ұйымдастырылды.

«Біз Қазақстанға, Астана қаласына туристік сапарға жол тартқан Челябинск және Екатеринбург қалаларынан келген туристерміз. Бірақ ауа-райының нашарлауына байланысты Республикалық маңызы бар автожолдан тоқтауға мәжбүр болдық. Бізге ТЖМ, патрульдік полиция және Есіл ауданы әкімдігінің қызметкерлері қолдау көрсетті. Өзімнің және бүкіл тобымның атынан бізге көрсеткен қолдауларыңыз үшін зор алғысымды білдіремін. Барлығына көп рахмет», – деп атап өтті эвакуацияланғандардың бірі.

Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарын жолдардың жабылуы туралы СМС хабарламалар алған кезде жолға шықпауларын сұрайды. Жолдардың жабылуы және ауа-райы туралы ақпаратты «Darmen» қосымшасын жүктеу арқылы немесе 1403 нөмірі бойынша білуге болады.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі