Құтқарушыларға алғыс

Құтқарушыларға алғыс

Зарина есімді қыз құтқарушыларға алғысын білдірді.
«Бүгін мені қар үйіндісінен құтқарды. «112» қызметкерлерінің кәсібилігіне, жылдам шешім қабылдай білгендеріне және психологиялық қолдау көрсеткендері үшін рахмет! Әкімдік, полиция, қоғам қайраткерлері, өрт сөндірушілер – өте керемет! Көп рахмет! Далада -34 аяз, бірақ олар еш нәрсеге қарамастан маған көмектесе алды! Рахмет Сіздерге! Талапкер менің жүрегімде! – деп атап өтті Зарина.
Ақмола облысының ТЖД төтенше жағдайлар туындаған жағдайда «112» нөміріне қоңырау шалу қажеттігін еске салады. Өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз!

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі