
Степняк қаласының №21-ӨСБ өрт сөндірушілері «Біржан сал ауданы әкімінің аппараты» мемлекетік мекемесі ғимаратында шартты өртті сөндіру бойынша өрт-тактикалық жаттығулары өткізді.
Оқудың мақсаты: өрттерді сөндіру барысындағы №21-ӨСБ жеке құрамының машықтарын жетілдіру, олардың кешен жұмысшыларымен өзара әрекеттерін пысықтау болып табылады.
Шартты өрт орнына Степняк каласының №21-ӨСБ өрт сөндіру есебі жолданды. Өрт орнына келген кезде жағдай мынадай болды: от қызметтік бөлімінде 16м2 шаршы аумағын алды. Бірінші қабатта орналасқан қызметтік бөлмеде және басбалдақ алаңын қалың түтін басты. Қызметшілер өрт сөндіру құралдарының көмегімен өздері сөндіруге тырысты. Алайда, қалың түтіннің салдарынан ниеттерін іске асыра алмады.
Барлығы шартты өртті сөндіруге 1 бірлік техника мен Степняк қаласының №21-ӨСБ-нің жеке құрамынан 5 адам қатысты, олар өртпен күресте өздерінің кәсіби дағдыларын шебер көрсетті.
Степняк қ. № 21-ӨСБ