
Граф және Линда атты жоғалып кеткен екі неміс иттерін Көкшетау қаласы Жедел құтқару жасағының құтқарушылары тауып алып, иесіне қайтарды, – деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Кинологиялық бөлімнің бас құтқарушысы Азамат Ілиясов кезекшілік атқарып жүріп, жағажайдағы адамдардың екі итті тамақтандырып жатқандарын байқаған. Тәжірибесі бар кинолог бұл үй иттері екендігін және де жақын жерде иелері болмағандығын бірден түсінген. Кейінірек, иттер қала жаққа қарай кете бастағанда олардың адасып кетуі мүмкін деп қорыққан Азамат Ілиясов иттерді тізгіндеп, жедел-құтқару жасағының үйшіктеріне кіргізіп, оларды тамақтандырып, суарған.
Келесі күні, нәтижесіз іздестірулерден кейін ит иесі құтқару станциясына келеді. Ит иесінің қуанышына орай иттер құтқарушыларда болған. Бұл адамның шынымен де иттердің иесі екеніне көз жеткізген құтқарушылар оларды иесіне тапсырған. Жас жігіт құтқарушыларға алғыс айтып, екі «қашқындарды» үйіне алып кетті.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.