Департамент қызметкерлері суда құтқару дағдыларын жаттықтыруда

Департамент қызметкерлері суда құтқару дағдыларын жаттықтыруда

Ақмола облысы ТЖ департаменті аппаратының қызметкерлері дене шынықтыру дайындығы аясында «Бурабай» СС базасында суға батып бара жатқан адамдарды құтқару бойынша сабақтар өтуде, – деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.
«Ақмола облысында демалуға және шомылуға жарамды 561 су қоймасы және 61 кәсіби құтқарушы бар. Осы себепті облыстың су айдындарындағы алдын алу жұмыстарына күнделікті жұмыста «кеңсе» жұмысымен айналысатын департамент аппаратының қызметкерлері белсенді түрде тартылуда. Рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде әртүрлі штаттан тыс жағдайлар туындауы мүмкін, сондықтан дене шынықтыру дайындығы кезінде біз қарамағымыздағы жабдықтар мен құтқару құралдарының көмегімен суға батып бара жатқан адамдарды құтқару бойынша түрлі тәсілдерді пысықтаймыз», – деді ТЖД бастығының орынбасары Қайрат Қасым.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың шомылу маусымының басынан бері суда адамдардың қаза болуының 2 фактісі тіркеліп, 3 бала қаза тапты. Ақмола облысының ТЖД судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді.


Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі