Жеке секторда өрттің алдын алу

Жеке секторда өрттің алдын алу

2022 жылғы 1 ақпаннан бастап жеке тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі айлығы өткізіледі. Көкшетау қ. 1-МӨСБ жеке құрамы осы іс-шараны өткізуге белсенді қатысады.

Қысқы кезеңде тұрғын үйлерде өрт жағдайлары жиі кездеседі, негізінен пешті орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзумен байланысты болып келеді. Көкшетау қ. 1-МӨСБ қызметкерлерімен аралау барысында қала тұрғындарына жылыту құрылғыларының, электр жабдықтарының, электр желілерінің жағдайына ерекше назар аудару, төсекте темекі шекпеу, балаларды қараусыз қалдырмау ұсынылады. Жеке сектор тұрғындарының басты назары аула аумақтарын қардан тазалау және шығару шараларына аударылады.

Тұрғындарға үйлерді өртке қарсы және су тасқынына қарсы қорғауды нығайту бойынша ұсынылған іс-шаралар егжей-тегжейлі жазылған жадынамалар табысталады. Қала тұрғындары "Дәрмен" мобильдік қосымшасын пайдалануы бойынша түсіндіру жұмыстары, сондай-ақ М.Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау Академиясына түсу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Жеке тұрғын үй секторының тұрғындары түсіністікпен және мақұлдаумен қызметкерлердің профилактикалық жұмысына жатады.

 

Көкшетау қаласы 1-МӨСБ бастығының орынбасары

                                        азаматтық қорғау майоры Ұ.А. Бейсембаев