Щучье қ. жасағы 7-МӨСБ декларация тапсыру бойынша түсіндіру жұмысы өтті

Щучье қ. жасағы 7-МӨСБ декларация тапсыру бойынша түсіндіру жұмысы өтті

Щучье қ. жасақ және 7-МӨСБ жеке құрамымен мәжіліс залында Бурабай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас-маманы Болат Ерікұлы Жарлыковтың қатысуымен жиналыс өтті.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес адамдар мемлекеттік лауазымға немесе оларға теңестірілген міндеттерді атқаруға байланысты лауазымға орналасу кезінде тұрғылықты жері бойынша салық органына табысы мен мүлкі туралы декларация тапсырады. Алдағы уақытта да мемлекеттік қызметшілер өз өкілеттіктерін орындау кезеңінде жыл сайын тиісті декларацияны тапсырады.

Мемлекетті кірістер басқармасының қызметкері жеке құрамға 2021 жылдың жеке салығы  және мүліктік салық туралы декларация тапсыру шарттары мен ережелерін түсіндірді, декларация тапсыру бойынша өзгерістерді атап өтті  және сондай-ақ декларацияны дұрыс тапсырмау кезінде қызметкердің жемқорлық карточкасы қойылатынын ескертті.

Жеке құрам осы тақырып бойынша сұрақтарын қойып толық жауап қайтарылды.

          Щучье қ. жасағы 7-МӨСБ

          бастығының орынбасары

          азаматтық қорғау капитаны

          Асхат Жанатұлы Жеңіс