Атбасар ауданына жұмыс сапары

Атбасар ауданына жұмыс сапары

Ағымдағы жылдың 16 қарашасында Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Манарбек Шапағатовтың төрағалық етуімен Атбасар қаласының №4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің ғимаратында Атбасар, Есіл, Жақсы және Жарқайың аудандарының төтенше жағдайлар бөлімдері мен өрт сөндіру бөлімдерінің бастықтарымен аймақтық жиын өтті.
Кеңес барысында «Азаматтық қорғау құралымдары мен жергілікті атқарушы органдардың 2021-2022 жж. қысқы кезең жағдайында авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге дайындығы туралы» мәселелер қаралды, ТЖБ бастықтары мен өрт сөндіру бөлімдерінің бастықтары, сондай-ақ «2021-2022 жылғы жылыту маусымы кезеңінде тұрғын үй секторында жүргізіліп жатқан алдын алу жұмыстары туралы» тақырыпта ТЖ бөлімдерінің бастықтары баяндама жасады.
Проблемалық мәселелер егжей-тегжейлі талқыланғаннан соң Манарбек Шапағатов семинар-кеңесті қорытындылап, қаралған мәселелер бойынша жұмысты күшейту, оның ішінде тәртіп пен заңдылықты нығайту, бөлімшені қызмет өткеру және өрттер мен аварияларда іс-әрекеттерді орындау кезінде өндірістік жарақаттану жағдайларының алдын алуға бағытталған іс-шаралар кешенін іске асыру жөніндегі жұмысқа дайындау бойынша тапсырмалар берді.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі