
2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап 1 қазан аралығында Ақмола облысының аумағында өрт қауіпсіздік айлығы өтуде. Осыған орай Қорғалжын ауданы азаматтық қорғау қызметкерлері аудан аумағында жергілікті атқарушы оргындар, әлеуметтік қорғау қызметкерлері және еріктілермен бірлесе отырып 2021-2022 жылдардағы жылу беру кезеңіне дайындық бойынша тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында халыққа пештер мен электр қондырғыларын және газ жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ тұрғын үй секторында апта сайын сенбі күндері «Өрт қауіпсіздігі сенбілігі» өткізілуде.
Осы іс-шараларды жүргізу барысында халықтың қорғалмаған топтарына көп балалы, жалғыз басты зейнеткерлердің және аз қамтылған отбасылардың үйлеріне 15 улы газ датчиктері орнатылды. Халықпен 3 жиындар өткізіліп 38 адам қамтылды, 13 нұсқаулықтар жүргізіліп 115 адам қамтылды, барлығы 450 жеке тұрғын үй, оның ішінде 125 халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлері араланып барлығы 1080 адам қамтылды. Жеке тұрғын үй аулаларын аралау кезінде халыққа 515 жаднамалар таратылды.
Қорғалжын ауданының ТЖБ