Жүректен жүрекке!

Жүректен жүрекке!

2021 жылғы 1 тамыздан бастап Қазақстан Республикасында 1 сыныпқа баратын балаларға «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтеді. Жыл сайын Атбасар ауданы гарнизонының жеке құрамы осы қайырымлдылық акциясына белсене қатысады.

Ағымды жылдың 15 тамызында 1 сынып оқушысы Александраға мектеп және спорт формалары, мектеп-жазу құралдары сатып алынды.  Осы тауарларды сатып алуға гарнизонның Әйелдер кеңесі белсенді көмектесті.

Қайырымдылық акцияға қатыса отырып, біз өмірлік қиын жағдайда қалған балаларға қол ұшын созамыз. Бұл шынында да игі іс, өйткені балалар - біздің болашағымыз.

 

Атбасар қ. 4-МӨСБ бастығының орынбасары

Нұралин Қ.Ж.