Әр адам білуі тиіс

Әр адам білуі тиіс

Қазiргi уақытта шөп және жем-шөптi дайындау бойынша ауыл шаруашылық жұмыстары қызу жүруде. Жұмыс жасау барысында ыстық, құрғақ ауа райы, көптеген ауыл шаруашылық техника, жағармайлар өрт қауiптi жағдай жасайды. Шөп сақтау және шөп шабу егiстiктерiнде өрттер көбiнесе егiстiк жағдайда отты дұрыс қолданбау немесе ауыл шаруашылық техникасының өрт қауiпсiздiгiн бұзу салдарынан пайда болады.

- Шөп жинау кезiнде өрттiң пайда болуын болдырмау үшiн өрт қауiпсiздiгiн қатаң сақтау керек:

- шөп жинағанға дейiн оған қатысатын барлық адамдар өрт қауiпсiздiк ережелерiмен толық танысып, кейiн арнайы өрт қауiпсiздiгi бойынша журналына қол қою тиiс, бұл журнал ауыл шаруашылық болуы қажет;

- жинағыш агрегаттар алғашқы өрт сөндiру құрылғылармен жабдықталуы керек (комбайнда — екi өрт сөндiргiш, екi үшкiр күрек және екi сыпырғыш, ал тракторда — бiр өрт сөндiргiш, бiр үшкiр күрек және бiр сыпырғыш болуы қажет);

- қалыпты түрде тiркеуден өтпеген техникамен шөп жинауға болмайды;

- дала егiстiктерiнде пiсiру жұмыстарымен айналысуға, ашық отпен пайдалану болмайды;

- шөп аумағы жан- жақтан арнайы затпен немесе жермен қоршалынуы тиiстi;

- маяларды орналастыру орындары 4 м. енімен жыртылып найзағайдан сақтау қоршауларымен қоршалануы тиіс;

-пішен сарайды өрт болған кезде және жалпы шөп жинау кезеңінде су қорын қамтамасыз ету керек;

-шөп маяларды пішен сарайдың жиегінен 4 м. қашықтықта, ғимараттар немесе құрылыстардан 50 м. қашықтықта, ал жол мен электр беру жүйесінен 20 м. қашықтықта орналасуы қажет. Шөп маялардың бір-бірімен арасы 150 шаршы метрден аспау керек.

Шөп шабу уақытында өрт қауiпсiздiгiн сақтау ережелерінің орындалуына ауыл шаруашылық басшылары және жеке тұлғалар жауапты.