
2021 жылғы 12 мамырда Өрт сөндіру қызметінің мәжіліс залында Ақмола облысы ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі М.Қ.Шапағатовтың төрағалығымен, Көкшетау қаласы гарнизоны бөлімшелерінің офицерлік және диспетчерлік құрамының қатысуымен Көкшетау қаласы өртке қарсы қызмет гарнизонының шығу кестесін қарау бойынша кеңес өткізілді.
Кеңес барысында КҚЖБО бастығы азаматтық қорғау майоры А.С.Доскенов кеңеске қатысушыларға Көкшетау қ. өрт сөндіру бөлімшелерінің шығу аудандарының ұсынылған шекараларымен таныстырды, олар бойынша аудандардың шекаралары анықталды, сондай-ақ №1бис және №2бис қосымша шақыру нөмірлерін енгізу мәселесі қарауға енгізілді.
Кеңес төрағасы азаматтық қорғау полковнигі М.Қ. Шапағатовпен кеңес мәселелерін егжей-тегжейлі қарау және талқылау қорытындысы бойынша Көкшетау қаласы гарнизонының өрт сөндіру есептоптарының табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға жауынгерлік әзірлігін тиісті ұйымдастыруға, сондай-ақ Көкшетау қаласында өртке қарсы сумен жабдықтауды қолдану, тексеру және есепке алу бойынша тиісті жұмысты ұйымдастыруға бағытталған бірқатар хаттамалық тапсырмалар берді.
Ақмола облысы ТЖД
«ӨС және АҚЖҚ» ММ КҚЖБО