
Ақкөл ауданында тұрғын үй секторы мен жеке аулаларда өрттердің алдын алуға бағытталған жұмыс жалғасуда. Ақкөл қаласының 26-ӨСБ-нің қызмет етуден бос қызметкерлерімен халықты жұмыс уақытынан тыс қамту үшін профилактикалық жұмыс жүргізіліп жатыр. Әкімшіліктердің әлеуметтік қызметкерлері, учаскелік полиция инспекторларының көмегімен әлеуметтік тұрғыдан осал тұлғалар (іс-қимылы кем: зейнеткерлер мен барлық санаттағы мүгедектер, аз қамтылған және көп балалы жанұялар) тұратын тұрғын үйлерді аралау өткізілді. Тұрғын үй секторын аралау барысында жылыту кезеңіндегі, пешпен жылыту, электрқондырғылар мен газ қондырғыларын пайдалану бойынша өрт қауіпсіздігінің ережелерін түсіндіру жүргізіліп жатыр. Әрбір азаматқа өрт қауіпсіздігін сақтау шаралары туралы жадынамалар таратылды.
Осы бағытта жұмыс жылыту маусымының аяғына дейін жалғасады.
Ақкөл қаласы 26-ӨСБ қарауыл бастығы
азаматтық қорғау аға лейтенанты
Б.Б. Тлеубердиев