
2020 жылдың 24 желтоқсанында Степногорск қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы әкімдіктің мәжіліс-залында БАҚ өкілдерімен «Тұрғын -үйдегі өрт қауіпсіздігі шаралары», «Тұрмыстық газды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары», «Жаңа жылдық іс-шаралар кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары туралы», сондай-ақ «Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік шаралары» бойынша брифинг өткізді.
Брифинг спикерлері Степногорск қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының міндетін атқарушы Арман Шаяхметов және басқарманың бас маман Біржан Әбілмәженов. Өз сөзінде Арман Шаяхметов қатысушыларға Степногорск өңірінің аумағында 2020 жылдың өткен кезеңінде болған өрттер мен жанулар туралы, тұрмыстық газды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары, сондай-ақ жаңа жылдық іс-шаралар кезінде қауіпсіздік шаралары туралы ақпарат берді.
Біржан Әбілмәженов Степногорск өңірінің қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға дайындық жағдайы туралы ақпаратты ұсынды.
Брифингке қалалық баспа басылымдарының: «Престиж», «Вечерний Степногорск», «Степногорск ақшамы» тілшілері, «Степногорск қаласының Медиа орталығы» ЖШС жергілікті телевизия өкілдері, сонымен қатар «Степногорск қаласының Мейірімді жүрек» еріктілері сұрақтарын қоя отырып қатысты.
Брифингтің қорытындылары бойынша тілшілер жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарымен төтенше жағдайлар бойынша тығыз байланыс орнату және тұрақты негізде жиналыстар, брифингтер өткізуге, сондай-ақ Степногорск аймағындағы төтенше жағдайлар туралы уақтылы ақпарат беру жайлы тілек білдірді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге орай, «Еріктілер жылын» қорытындылай отыра және азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесін дамыту мен нығайтуға қосқан елеулі үлестері үшін «Степногорск қаласының Мейірімді жүрек» еріктілері Степногорск қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының Алғыс хаттарымен марапатталды.
Степногорск қ. ТЖБ