Бүгін өңірлік орталық коммуникациялар қызметінде Ақмола облысы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев сөз сөйледі.
Спикердің айтуынша, Ақмола облысының аумағында өрттердің саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,2 есеге артты, көрсетілген кезеңдегі өрттердің ең көп саны Көкшетау қаласы, Бурабай, Целиноград, Аршалы аудандарында болған.
Өрттердің басым бөлігі тұрғын үй секторына тиесілі. Өрт санының өсуіне, ең алдымен, аномалдық төмен температура әсер етті, ол көрсетілген кезеңде-35-37 градусқа дейін жетті. Пештер мен түтін мұржаларын орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу себебінен өрттердің көпшілігі орын алды, сондай-ақ халықтың отты абайсыз пайдалануы және электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу салдарынан орын алды.
Сонымен қатар, көрсетілген кезеңде автокөліктерде өрт шығу жағдайлары 2 есе өсті, олар да төмен атмосфералық температурамен байланысты, оларда электр сымдары мен автомобильдердің отын жүйесі қайта жүктемелерге шыдамауынан.
Өрттерде адамдардың қаза болуының негізгі себептері, мас күйінде төсекте темекі шегу, отты абайсыз пайдалану, сондай-ақ улы газбен улану.
Бұдан басқа, облыс аумағында ағымдағы жылғы 20 желтоқсан- 9 қаңтарда Көкшетау қаласы мен Бурабай ауданының Щучинск қаласында тұрмыстық 5 литрлік газ баллондарының жарылыс жағдайлары орын алды, онда 9 адам жарақат алып, емдеу мекемелеріне жатқызылды, оның ішінде 6 бала, 2 бала алған жарақаттарынан кейін қайтыс болды.
Екі жағдайда да өрттің шығу себебі – газ жабдығын пайдалану қағидаларын бұзу.
Газ баллондары суықтан жылы бөлмелерге кіргізілген, нәтижесінде газ жылына бастап, кеңейе түскен соның салдарынан баллонның жарылысы болды.
Одан әрі спикер облыстағы метеожағдайдың күрделенуі бойынша жағдайға қатысты екінші мәселеге көшті.
Ағымдағы жылдың 11-12 қаңтар аралығында ауа-райы жағдайы нашарланып, 16 м/с дейін жел көтерілді, қар жауды, боран басталып, жолды қар басты, көріну 10-50 метр. Республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда қозғалысқа шектеу енгізу туралы шешім қабылданды.
Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ жедел ден қою мақсатында қысқы кезеңде ТЖД жеке құрамы жоғары дайындық режиміне ауыстырылды, 374 адам, 99 бірлік техника, Департаменттің Дағдарыс орталығында жедел штаб құрылды.
Жолдарды тазарту және қозғалысқа уақытылы шектеулер енгізу мәселесі тұрақты бақылауда.
Облыстың барлық кезекші диспетчерлік қызметтерімен ақпаратты қабылдау және алмасу және ықтимал төтенше жағдайларға ден қою бойынша өзара іс-қимыл жолға қойылған. Барлығы Республикалық маңызы бар автожолдардың 11 учаскесі және облыстық маңызы бар 35 учаскесі жабылды.
ЖПҚ бөлімшелері халықтың автомобиль магистральдарына шығуына жол бермеу үшін елді мекендердің кіре берісіне 31 мобильді блок-бекет қойды, онда ЖПҚ, ТЖД және ЖАО қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізді, нәтижесінде елді мекендерге жүздеген автомобильдер кері қайтарылды.
Аршалы, Бурабай, Ерейментау аудандарында 3 АҚЖ өткізілді, нәтижесінде жылыту пункттерінде 36 адам орналастырылды, оның ішінде 1 бала; 84 адам эвакуацияланды, оның ішінде 5 бала; 6 адам құтқарылды.
13 қаңтардағы сағат 8.30-дағы жағдай бойынша барлық автожолдар қозғалыс үшін ашық.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына елді мекеннен тыс жерлерге баруды жоспарламас бұрын, синоптиктердің болжамдарына құлақ асыңыз, "112"құтқару қызметі жіберетін СМС - хабарламаларды қараңыз. Ауа-райының нашарлау жағдайында сапарды басқа күнге ауыстырыңыз немесе теміржол көлігін пайдаланыңыз.
Құрметті азаматтар, сақ болыңыздар, қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар, өздеріңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі