Көкшетауда полицейлер, құтқарушылар, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері, еріктілер 12 жасар қыз Әйгерім Хайдарованы іздеуде, деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 21.08.2020 жылы Көкшетау қ.ПБ кезекші бөліміне жоғалған баланың анасы келіп, 20 тамызда сағат 15.00 шамасында қызы Нұрлы көш ауылының үйінен шаштаразға шығып кеткенін, содан кейін үйіне оралмағанын, ұялы телефон өшірілгенін, орналасқан жері белгісіз екенін хабарлады.
Ақпарат келіп түскеннен кейін дереу Көкшетау қалалық полиция басқармасы мен полиция департаменті аппаратының жеке құрамының 102 қызметкері қызды іздеуге кірісті. Кейін іс-шараларға облыстық ТЖД жеке құрамының 20 қызметкері және Ұлттық ұланның 5510 әскери бөлімінің 30 әскери қызметшісі қосылды. Жоғалған кәмелетке толмаған адамды іздеуге 79 ерікті белсенді қатысуда. Сондай-ақ іздеуге екі квадрокоптер тартылған.
Құтқарушылар Қопа көлінің түбін тексерді, сондай-ақ іздестіру Қылшақты өзенінің ауданында жүргізілуде. Іздеуге екі іздеу иттері қатысады.
Құтқарушылар қыздың қайда екендігі туралы қандай да бір ақпараты бар адамдарды дереу полиция органдарына "102"арнайы желісіне хабарлауға шақырады.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі