ІШКІ КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

 

ІШКІ КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

020000, Ақмола облысы Көкшетау қаласы, Әуелбеков көшесі, 87.

Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті:

тел. 8 (7162) 551489, 253030

электрондық пошта - pr_dchs_akm@emer.kz

Ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс бөлімі бастығының бос лауазымына ішкі конкурс жарияланады (C-SVО-4 санаты)

функционалдық міндеттері –

Бөлім бастығына келесі міндеттер жүктеледі:

 1) ақпараттандыру, құлақтандыру және байланыс мәселелері жөніндегі Министрліктің алқалары, жедел кеңестері, Департаменттің жедел және аппараттық кеңестері тапсырмаларының орындалуын бақылайды;

2) кіріс құжаттардың, қаулылардың, Министрліктің және Департамент басшылығының бұйрықтары мен нұсқауларының уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді;

3) Бөлімнің жұмыс жоспарларын әзірлейді және Департаменттің және оның құрылымдық бөлімшелерінің жұмыс жоспарына ұсыныстар енгізеді;

4) Бөлімнің жұмыс жоспарларының орындалуы бойынша есептерді қалыптастырады;

5) Бөлім қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізеді;

6) ақпараттандыру, құлақтандыру және байланыс желісі бойынша Департаменттің қызметтік іссапарлары, бақылау-тексеру іс-шаралары, жедел және аппараттық кеңестері жоспарына ұсыныстар енгізеді;

7) ақпараттандыру, құлақтандыру және байланыс желісі бойынша Департаменттің бюджеттік өтініміне енгізу үшін ұсыныстар қалыптастырады;

8) Департамент бөлімшелерінде енгізу мақсатында ақпараттандыру, құлақтандыру және байланыс желісі бойынша перспективалық әзірлемелер мен техникалық шешімдерді зерделейді;

9) Бөлімнің құзыретіндегі мәселелерді регламенттейтін нормативтік құқықтық актілердің мониторингін жүзеге асырады, қажет болған жағдайда оларды өзектендіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

10) Департаменттің кеңестеріне техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;

11) мемлекеттік тілді зерделейді және оны іс жүргізуде қолданады;

12) Бөлім құзыреті шеңберінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады; 13) Бөлімді білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың білімі мен дағдыларын ұтымды пайдалану, жұмыс сипатына сәйкес келетін қолайлы еңбек жағдайларын жасау жөнінде шаралар қабылдайды;

14) Бөлім қызметкерлерімен тәрбие процесін ұйымдастыруда тәлімгерлік институтын жүргізеді;

15) жас мамандарға әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;

16) қызметтік, еңбек және атқарушылық тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызметшінің әдеп кодексін мүлтіксіз сақтайды;

17) Бөлім қызметкерлерімен қызметтік және еңбек атқарушылық тәртібін бұзу фактілері бойынша тиісті шаралар қабылдайды;

18) бөлім қызметкерлерімен заңдылықты, қызметтік, еңбек және атқарушылық тәртіпті бұзуына ықпал ететін фактілерді, олардың туындау себептерін анықтайды;

19) заңдылықты, қызметтік, еңбек және атқарушылық тәртіпті бұзуға ықпал ететін анықталған себептерді жою жөнінде шаралар әзірлейді;

20) кәсіби, мәдени және спорттық деңгейді көтеру бойынша жұмыс істейді;

21) өзіне белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар фактілері туралы басшылықтың назарына жеткізеді;

22) өзіне белгілі болған азаптаулар мен басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын ар-намысты қорлайтын қатынастар мен жазаларды қолдану жағдайлары туралы басшылықтың және (немесе) құқық қорғау органдарының назарына дереу жеткізеді;

23) қызметкерлермен ішкі еңбек тәртібінің қағидаларын сақтауларын бақылайды;

24) құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтайды;

25) төтенше жағдайлар туындаған немесе қауіп төнген кезде байланыс ұйымдастыруды, ұшқышсыз ұшу аппараттарын (ҰҰА) қолдануды және халықты хабардар етуді жүзеге асырады;

26) төтенше жағдай орнында командалық-штабтық машинаның Республикалық (облыстық) штабпен үздіксіз байланысын қамтамасыз етеді;

Еңбекақы

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы 324 395 теңгеден 398 965 теңгеге дейін + арнаулы атағы үшін қосымша ақы+ коммуналдық қызметтер үшін өтемақы + тұрғын үй төлемдері.

Мамандықтарға қойылатын талаптар (жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім): функционалдық бағыттарға сәйкес келетін жоғары білім «Өрт қауіпсіздігі», «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару ісі», «Төтенше жағдайларда қорғау», «Азаматтық қорғаныстың командалық тактикалық күштері», «Ақпараттық жүйелер», «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері», «Автоматтандыру және басқару», «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар», «Заңтану», «Құқық», «Құқық қорғау қызметі», «Есептеу техникасы мен автоматтандырылған жүйелерді бағдарламалық қамтамасыз ету», «Информатика», «Математикалық және компьютерлік модельдеу», «Әскери іс және қауіпсіздік», «Сот сараптамасы», «Техносфералық қауіпсіздік», «Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою» функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білім,

 

Жұмыс өтілі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі керек:

1) құқық қорғау қызметінде жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, соның ішінде осы санаттардағы нақты лауазымның тиісті бейіндік бағыты бойынша жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде нақты құрылымдық бөлімшенің штат кестесінде көзделген келесі төмен тұрған санаттағы немесе C-GP-7, C-AGP-8, C-KSGP-5, C-KAGP-5, C-VP-5, C-TP-7, C-OGP-7, C-OKSGP-5, B-FM-6, B-FMО-5, C-SV-8, C-SVО-5, C-SVО-7 (C-SVR-3 санатындағы лауазымға орналасу үшін), C-SVR-4, C-SVU-5, C-SN-4, С-SSP-3, C-SGU-8 санаттарынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;

2) арнаулы мемлекеттік органдарда не әскери қызметте алты жылдан кем емес қызмет өтілі, оның ішінде облыстық (республикалық маңызы бар қала және астана) деңгейдегі арнаулы мемлекеттік органдардың немесе әскери басқару органының немесе әскери оқу орындарының құрылымдық бөлімшелерінің басшыларынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) облыстық және оларға теңестірілген соттардан (Республика астанасының қалалық сотынан, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттарынан) төмен емес соттарда судья лауазымында жұмыс өтілі жеті жылдан кем емес;

4) саяси немесе әкімшілік лауазымдарда жұмыс өтілі жеті жылдан кем емес, оның ішінде осы санаттардағы нақты лауазымның тиісті бейіндік бағытына сәйкес келетін басшы лауазымдарында жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес, оның ішінде орта немесе ірі кәсіпкерлік ұйымдарының, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор басшысы лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі жеті жылдан кем емес, оның ішінде Президенттік жастар кадр резервіне қабылданған адамдар үшін басшылық лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Құжаттарды қабылдау мерзімі 2025 жылғы 17 ақпанға дейін.

Қажетті құжаттар тізімі:

1) жұмыстағы негізгі көрсеткіштерді және нақты жетістіктерді (еркін нысанда) көрсететін қызметтік жұмыс нәтижелері бар қызметтік мінездеме;

2) басшы құрам қатарындағы қызметкерлердің ұсынымдары (еркін нысанда);

3) АҚО-да кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығын жүргізетін қызметімен расталған қызметкердің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығы деңгейін жыл сайынғы қорытынды тексерудің анықтамасы (еркін нысанда);

Ішкі конкурсқа азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері қатысады.

 

 

 

 

Өтініш үлгісі

 

____________
(органының) бастығына
__________________
(Тегі, аты, әкесінің аты
(ол бар болған жағдайда))

 

Өтініш

 

          Мені бос лауазымына орналасуға конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

      Азаматтық қорғау органдарында жоғары тұрған басшы лауазымдарға конкурс өткізу шарттарымен және тәртібімен таныстым, оларды орындауға келісемін.

      _________________________________________ ___________

        (Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған дағдайда)) (қолы және күні)

     

 Байланыс деректері:

      жұмыс және ұялы телефон нөмірлері _________________________

      электрондық мекенжайы _________________________________________

      тұрғылықты мекенжайы _________________________________

      жұмыс мекенжайы _____________________________________________

      20___ жылғы "____" ___________ .

Дата публикации
10 февраля 2026