Хабарландыру
Ақмола облысы ТЖД, 020000, Көкшетау қаласы, Әуелбеков көшесі 87, электронды адрес ok_dchs_akm@emer.kz. анықтама телефоны: (8-7162-25-19-25), азаматтық қорғау органдарына түсетін адамдар үшін бастапқы кәсіптік даярлыққа іріктеуді жариялайды:
C-SV-13 өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкері
(26 бірлік):
1) Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізушісі-қызметкері Степногорск қаласы ТЖБ № 3 (1 бірлік),
2) Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізушісі-қызметкері Атбасар ауданы ТЖБ № 4 (1 бірлік),
3) Жақсы ауданы ТЖБ № 13 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізушісі-қызметкері (1 бірлік),
4) Қорғалжын ауданы ТЖБ № 15 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізушісі-қызметкері (1 бірлік),
5) Шортанды ауданы ТЖБ № 18 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізушісі-қызметкері (1 бірлік),
6) Астрахан ауданы ТЖБ № 19 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізушісі-қызметкері (1 бірлік),
7) Целиноград ауданы ТЖБ Ақмол ауылының № 22 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізушісі-қызметкері (6 бірлік),
8) Есіл ауданы ТЖБ № 23 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізушісі-қызметкері (1 бірлік),
9) Егіндікөл ауданы ТЖБ № 25 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізушісі-қызметкері (1 бірлік),
10) Ақкөл ауданы ТЖБ № 26 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізушісі-қызметкері (2 бірлік),
11) Степногорск қаласы ТЖБ Бестөбе ауылының № 3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің № 30 өрт сөндіру бекетінің өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізушісі-қызметкері (1 бірлік),
12) Целиноград ауданы ТЖБ № 22 өрт сөндіру бөлімінің Арайлы ауылының № 32 өрт сөндіру бекетінің өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізушісі-қызметкері (4 бірлік),
13) Целиноград ауданы ТЖБ Софиевка ауылының № 33 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізушісі-қызметкері (4 бірлік),
14) Целиноград ауданы ТЖБ Қараөткел ауылының № 36 өрт сөндіру бекетінің өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізушісі-қызметкері (1 бірлік),
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы 192189 теңгеден + арнаулы атағы үшін қосымша ақы.
Функционалдық міндеттері: өрттерді сөндіруге, авариялық - құтқару жұмыстарын жүргізуге қатысу, төтенше жағдайларды жою.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: 18 жасқа толған, отыз бес жастан аспаған, мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақырудан кейінге қалдырылған азаматтар. Білімі орташа деңгейден төмен емес, Бойы 165 см-ден төмен емес.
Іріктеуге қатысу үшін құжаттар тізбесі:
1) белгіленген нысан бойынша өтініш;
2) ҚР ТЖМ 2022 жылғы 15 қарашадағы № 207 бұйрығына 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша толтырылған сауалнама;
3) ҚР ТЖМ 2022 жылғы 15 қарашадағы № 207 бұйрығына 4-қосымшаға сәйкес нақты тұрғылықты мекен-жайы мен телефондары, оның ішінде Байланыс телефондары көрсетілген кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақша);
4) ҚР ТЖМ 2022 жылғы 15 қарашадағы № 207 бұйрығына 2-қосымшаға сәйкес өз қолымен, сондай-ақ белгіленген нысан бойынша басылған түрде жазылған толық Өмірбаян;
5) білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
6)еңбек қызметін растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері (бар болса);
7) әскери билеттің немесе шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
8) соңғы жұмыс орнынан (жұмыс өтілі болған кезде) немесе оқудан мінездеме және мерзімді әскери қызмет орнынан мінездеме;
9) 3х4 өлшемді төрт фотосурет;
10) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;
11) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінен сотталмағаны, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылмағаны туралы анықтамалар;
12) біліміне, жұмыс тәжірибесіне және кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілікті арттыру, ғылыми (академиялық) дәрежелер мен білім беру туралы құжаттардың көшірмелері, спорттық жетістіктерді, мінездемелерді, ұсынымдарды, ғылыми жарияланымдарды және басқаларды растайтын құжаттар) (бар болса);
13) спорттық разрядтың болуын растайтын құжаттар (олар болған кезде).
Құжаттарды кадр қызметтері қолма-қол немесе Қазақстан Республикасының Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша қабылдайды.
Құжаттардың толық емес топтамасын ұсыну оларды қараудан бас тартуға негіз болып табылады.
Құжаттарды қабылдау іріктеу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Қабылдау комиссиясының отырысына қоғамдық бірлестіктердің шақырылған байқаушылары қатысатын болады.
Азаматтар іріктеуге қатысу бойынша барлық шығыстарды өз қаражаты.
Кандидаттардың құжаттарын қабылдау Ақмола облысы ТЖД-да Көкшетау қаласы, Әуелбеков көшесі 87 , тел.: 8 (7162) 25-19-25 мекенжайы бойынша жүргізіледі.