Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 2025 жылғы 12 айына жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және азаматтарды қабылдау жөнінде атқарылған жұмыстуралыесеп

 

2025 жылы 12 айына Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментінде, аудандық және ведомстволық бағынысты бөлімшелерде барлығы 1407 өтініш тіркелген, оның ішінде жеке тұлғалардың 968 өтініші және заңды тұлғалардың 439 өтініші құрайды.

Қарау қорытындысы бойынша 344 түсіндірме берілді, 288 өтініш құзыреті бойынша қайта жолданды, 651 өтініш қанағаттандырылды, 88 - тоқтатылды, 36 өтініш бақылауда тұр.

Бөлімшелердің есептеріне сәйкес өтініштердің 90% - ын сұраулар құрайды, олар: тұрғын үйлерді су басу, өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғау саласындағы түсіндіру, өрт фактілерін растау және коммерциялық ұсыныстар туралы болды.

Департаментте қайтадан келіп түскен  өтініштер тіркелген емес.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша жұмысты жақсарту және халықтың өзекті мәселелерін шешуде басшылардың жауапкершілігін арттыру мақсатында қабылдау графигін  Департаменттің ресми сайтында жариялай отырып, азаматтарды алдын ала тіркеп жазу және қабылдау үшін жағдайлар жасалған. Ағымдағы кезеңде басшылықпен 12 азамат қабылданды: тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша, өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша азаматтық қорғау органдарына жұмысқа орналасу мәселесі бойынша, барлық мәселелер бойынша ауызша түсініктемелер берілді.

Өтініштерді уақытылы қарауды қамтамасыз ету үшін ҚР ТЖМ Құжаттамалық қамтамасыз ету департаментіне "Е-өтініш" бойынша есеп ай сайын жіберіледі.

 

Құжаттамалық қамтамасыз ету

және мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің

бас маманы                                                                  Ә. Тәшібаева

 

Дата публикации
09 января 2026