Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 2025 жылғы 9 айына жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және азаматтарды қабылдау жөнінде атқарылған жұмыстуралыесеп

2025 жылы 9 айына Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментінде, аудандық және ведомстволық бағынысты бөлімшелерде барлығы 870 өтініш тіркелген, оның ішінде жеке тұлғалардың 576 өтініші және заңды тұлғалардың 294 өтініші құрайды.

Қарау қорытындысы бойынша 131 түсіндірме берілді, 205 өтініш құзыреті бойынша қайта жолданды, 422 өтініш қанағаттандырылды, 53 - тоқтатылды, 33 өтініш бақылауда тұр.

Бөлімшелердің есептеріне сәйкес өтініштердің 90% - ын сұраулар құрайды, олар: тұрғын үйлерді су басу, өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғау саласындағы түсіндіру, өрт фактілерін растау және коммерциялық ұсыныстар туралы болды.

Департаментте қайтадан келіп түскен  өтініштер тіркелген емес.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша жұмысты жақсарту және халықтың өзекті мәселелерін шешуде басшылардың жауапкершілігін арттыру мақсатында қабылдау графигін  Департаменттің ресми сайтында жариялай отырып, азаматтарды алдын ала тіркеп жазу және қабылдау үшін жағдайлар жасалған. Ағымдағы кезеңде басшылықпен 8 азамат қабылданды: азаматтық қорғау органдарына жұмысқа орналасу мәселесі бойынша, барлық мәселелер бойынша ауызша түсініктемелер берілді.

Өтініштерді уақытылы қарауды қамтамасыз ету үшін ҚР ТЖМ Құжаттамалық қамтамасыз ету департаментіне "Е-өтініш" бойынша есеп ай сайын жіберіледі.

 

 

Құжаттамалық қамтамасыз ету

және мемлекеттік тілді дамыту тобының

бас маманы                                                                  Ә. Тәшібаева

 

 

 

Главный специалист ГДО и РГЯ                              А. Ташибаева

 

Дата публикации
01 октября 2025