2025 жылы 6 айына Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментінде, аудандық және ведомстволық бағынысты бөлімшелерде барлығы 602 өтініш тіркелген, оның ішінде жеке тұлғалардың 434 өтініші және заңды тұлғалардың 168 өтініші құрайды.
Қарау қорытындысы бойынша 83 түсіндірме берілді, 156 өтініш құзыреті бойынша қайта жолданды, 310 өтініш қанағаттандырылды, 30 - тоқтатылды, 23 өтініш бақылауда тұр.
Бөлімшелердің есептеріне сәйкес өтініштердің 90% - ын сұраулар құрайды, олар: тұрғын үйлерді су басу, өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғау саласындағы түсіндіру, өрт фактілерін растау және коммерциялық ұсыныстар туралы болды.
Департаментте қайтадан келіп түскен өтініштер тіркелген емес.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша жұмысты жақсарту және халықтың өзекті мәселелерін шешуде басшылардың жауапкершілігін арттыру мақсатында қабылдау графигін Департаменттің ресми сайтында жариялай отырып, азаматтарды алдын ала тіркеп жазу және қабылдау үшін жағдайлар жасалған. Ағымдағы кезеңде басшылықпен 4 азамат қабылданды: азаматтық қорғау органдарына жұмысқа орналасу мәселесі бойынша, барлық мәселелер бойынша ауызша түсініктемелер берілді.
Өтініштерді уақытылы қарауды қамтамасыз ету үшін ҚР ТЖМ Құжаттамалық қамтамасыз ету департаментіне "Е-өтініш" бойынша есеп ай сайын жіберіледі.