Азаматтық қорғаныс органдарына орналасуға конкурс

Хабарландыру

Ақмола облысы ТЖД, 020000, Көкшетау қ. Әуелбекова к-сі, 87, электрондық мекенжай ok_spasr_akm@emer.kz анықтама үшін телефон: (8-716-2-25-19-25), азаматтық қорғаныс органдарына орналасуға конкурс жариялайды:

Радиотелефоншы, диспетчері  С-SV-13 санаты (2 бірлік):

1) Ақмола облысы Өрт байланысының орталылық пункті (негізгі қызметкердің бала үтімі бойынша демалысы кезеніңе) диспетчер лауазымына (1 бірлік).

2) Степногорск қаласы ТЖБ № 3 мамандырылған өрт сөндіру бөлімінің  радиотелефоншы лауазымына (1 бірлік).

Лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты - 153433  теңгеге дейін + арнайы атағы.

Функционалдық міндеттері: жеке құрамды және өрт сөндіруші заттарды өрт және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу орнына дер кезінде және қауіпсіз жеткізу. Өзіне бекітілген автомашинаның техникалық ақаусыз жағдайын қамтамасыз ету. 

Іріктеу қатысушыларына қойылатын талаптар: жасы отыз бес жастан аспаған азаматтар, сонымен қатар мерзімді әскери қызметін өткерген, сондай ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әскери қызмет өткеруден шақыртуы кейінге қалдырылған азаматтар. Білімі ортадан төмен емес, орта сынып автомобилдерінде жүргізу тәжірибесінің болуы, бойы 165 см-ден төмен емес.  

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) белгіленген үлгідегі өтініш;

2) ҚР ТЖМ  15  қарашадағы 2022 жылғы № 207 бұйрығының 3 қосымшаға сәйкес белгіленген үлгіде толтырылған сауалнама;

3) ҚР ТЖМ 15  қарашадағы 2022 жылғы № 207 бұйрығының 4 қосымшаға сәйкес толтырылған кадрды есепке алу жөніндегі жеке парағы (нақты тұрғылықты  мекен жайы мен телефоны көрсетілген)

4) ҚР ТЖМ 15  қарашадағы 2022 жылғы № 207 бұйрығының 2 қосымшаға сәйкес белгіленген үлгіде қолмен және терілген түрде толтырылған толық автобиографиясы;

5) бiлiмi туралы құжаттардың көшірмесі, нотариалды куәландырылған;

6) еңбек қызметін растайтын құжаттардың кітапшасының көшірмесі, нотариалды куәландырылған (болған жағдайда); 

7) әскери билеттің немесе шақырту учаскесіне тіркелгені туралы куәлігінің көшірмесі, нотариалды куәландырылған;

8) соңғы жұмыс істеген орыннан (қызмет еткен) мінездеме  (жұмыс өтілі бар болғанда) және әскери қызмет орнынан мінездеме;

9) 3x4 үлгідегі төрт фотосурет;

10) Қазақстан Республикасы азаматының жеке тұлға ретінде куәландыратын құжаттың көшірмесі; 

11) Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистикасы және арнайы есепке алу комитетінен сотталмағандығы, сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылмағаны туралы анықтама;

13)білімі, жұмыс тәжірибесі мен кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми (академиялық) дәреже мен атақ беру, спорттық жетістіктерін растайтын құжаттар, мінездемелер, ұсыныстар, ғылыми жариялымдар және басқа құжаттардың көшірмесі) (болған жағдайда);

14) тігілетін мұқаба.

Аталмыш құжаттардың біреуі болмаған жағдайда, оларды конкурстық комиссия қараудан бас тартуға негіз болады.

 Құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күнінен бастап он жұмыс күнінен кейін тоқтатылады.

Конкурстық комиссия отырысына қоғамдық бірлестік бақылаушылары қатысатын болады.

Конкурсқа қатысу үшін жұмсалатын барлық шығындар азаматтардың өздерінің ақша қаражаты есебінен жұмсалады.

Кандидаттардың құжаттары Ақмола облысы ТЖД, Көкшетау қ. Әуелбекова к-сі, 87, мекен-жайы бойынша қабылданады, тел. 8-(7162) 25-19-25, 25-47-20.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

 

 

 

 

 

Дата публикации
20 мая 2025