2020 жылы 17 қыркүйекке хабарландыруда жарияланған Ақмола облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бос лауазымдар туралы ақпарат

Ақмола облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ, 020000, Көкшетау қ. Ақан сері к-сі, 124, электрондық мекенжай ok_spasr_akm@emer.kz анықтама үшін телефон: (8-716-2-25-19-25), азаматтық қорғаныс органдарының бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

  1. жүргізуші, С-SV-13 санаты (4 бірлік):

1) Көкшетау қ. № 10 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізуші- қызметкері (2 бірлік);

2) Аккөл қ. № 26 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізуші- қызметкері               (1 бірлік);

3) Щучье қ. жасақтың Бурабай ауданының Зеленый Бор а. № 9 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізуші- қызметкер (1 бірлік).

Лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты – 83220 теңгеден + арнайы атағы.

Функционалдық міндеттері: жеке құрамды және өрт сөндіруші заттарды өрт және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу орнына дер кезінде және қауіпсіз жеткізу. Өзіне бекітілген автомашинаның техникалық ақаусыз жағдайын қамтамасыз ету. 

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: жасы отыз бес жастан аспаған азаматтар, сонымен қатар мерзімді әскери қызметін өткерген, сондай ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әскери қызмет өткеруден шақыртуы кейінге қалдырылған азаматтар. Білімі ортадан төмен емес, орта сынып автомобилдерінде жүргізу тәжірибесінің болуы (жүк көтеруі 3.5 т және жоғары), жүргізуші санатының 2-сыныптан төмен болмауы не тиісті санатқа оқып жатқандар, бойы 165 см-ден төмен емес.  

  1. өрт сөндіруші – құтқарушы (өрт сөндіруші) С-SV-13 санаты (5 бірлік):

1) Көкшетау  қ. № 1 мамандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі – құтқарушысы               (1 бірлік);

2) Щучье қ. жасақтың № 6 мамандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі - құтқарушысы (2 бірлік);

2) Щучье қ. жасақтың № 7 мамандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі - құтқарушысы (1 бірлік);

3) Шортанды ауданы Шортанды а. № 18 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі                           (1 бірлік).

Лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты – 83220 теңгеден + арнайы атағы.

Функционалдық міндеттері: өрт сөндіруге, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге, төтенше жағдайларды жоюға қатысу.  

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: жасы отыз бес жастан аспаған азаматтар, сонымен қатар мерзімді әскери қызметін өткерген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әскери қызмет өткеруден шақыртуы кейінге қалдырылған азаматтар. Білімі ортадан төмен емес, бойы 165 см-ден төмен емес.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) белгіленген үлгідегі өтініш;

2) ҚР ІІМ 31 тамыз 2016 жылғы № 870 бұйрығының 2 қосымшаға сәйкес белгіленген үлгіде толтырылған сауалнама;

3) ҚР ІІМ 7 желтоқсан 2015жылғы № 1000 бұйрығының 2 қосымшаға сәйкес толтырылған кадрды есепке алу жөніндегі жеке парағы (нақты тұрғылықты  мекен жайы мен телефоны көрсетілген)

4) ҚР ІІМ 7 желтоқсан 2015 жылғы № 1000 бұйрығының 3 қосымшаға белгіленген үлгіде қолмен және терілген түрде толтырылған толық автобиографиясы;

5) бiлiмi туралы құжаттардың көшірмесі, нотариалды куәландырылған;

6) еңбек қызметін растайтын құжаттардың кітапшасының көшірмесі, нотариалды куәландырылған (болған жағдайда); 

7) әскери билеттің немесе шақырту учаскесіне тіркелгені туралы куәлігінің көшірмесі, нотариалды куәландырылған;

8) соңғы жұмыс істеген орыннан (қызмет еткен) мінездеме  (жұмыс өтілі бар болғанда) және әскери қызмет орнынан мінездеме;

9) 3x4 үлгідегі төрт фотосурет;

10) Қазақстан Республикасы азаматының жеке тұлға ретінде куәландыратын құжаттың көшірмесі; 

11) Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистикасы және арнайы есепке алу комитетінен сотталмағандығы, сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылмағаны туралы анықтама;

12) межелік деңнейден төмен емес Қазақстан Республикасы Заңнамаларын білуге тестіден өтуі туралы сертификат (немесе серификаттың нотариалды куәлендірілген көшірмесі);

13) жеке қасиетін бағалаудан өту туралы қорытынды (немесе қорытындының нотариалды куәлендірілген көшірмесі);

14) білімі, жұмыс тәжірибесі мен кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми (академиялық) дәреже мен атақ беру, спорттық жетістіктерін растайтын құжаттар, мінездемелер, ұсыныстар, ғылыми жариялымдар және басқа құжаттардың көшірмесі) (болған жағдайда);

15) тігілетін мұқаба.

Аталмыш құжаттардың біреуі болмаған жағдайда, оларды конкурстық комиссия қараудан бас тартуға негіз болады.

 Құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күнінен бастап он жұмыс күнінен кейін тоқтатылады.

Конкурстық комиссия отырысына қоғамдық бірлестік бақылаушылары қатысатын болады.

Конкурсқа қатысу үшін жұмсалатын барлық шығындар азаматтардың өздерінің ақша қаражаты есебінен жұмсалады.

Кандидаттардың құжаттары Ақмола облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-де, Көкшетау қ. Ақан сері к-сі, 124, мекен-жайы бойынша қабылданады, тел. 8-(7162) 25-19-25, 25-47-20.

 

Дата публикации
27 октября 2020