2024 жылы 12 айына Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментінде, аудандық және ведомстволық бағынысты бөлімшелерде барлығы 1856 өтініш тіркелген, оның ішінде жеке тұлғалардың 1668 өтініші және заңды тұлғалардың 188 өтініші құрайды.
Қарау қорытындысы бойынша 174 түсіндірме берілді, 178 өтініш құзыреті бойынша қайта жолданды, 1458 өтініш қанағаттандырылды, 40 - тоқтатылды, 6 өтініш бақылауда тұр.
Бөлімшелердің есептеріне сәйкес өтініштердің 90% - ын сұраулар құрайды, олар: тұрғын үйлерді су басу, өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғау саласындағы түсіндіру, өрт фактілерін растау және коммерциялық ұсыныстар туралы болды.
Департаментте қайтадан келіп түскен өтініштер тіркелген емес.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша жұмысты жақсарту және халықтың өзекті мәселелерін шешуде басшылардың жауапкершілігін арттыру мақсатында қабылдау графигін Департаменттің ресми сайтында жариялай отырып, азаматтарды алдын ала тіркеп жазу және қабылдау үшін жағдайлар жасалған. Ағымдағы кезеңде басшылықпен 10 азамат қабылданды: азаматтық қорғау органдарына жұмысқа орналасу мәселесі бойынша, А.Забикулинге арналған ескерткіш тұрған еске алу аллеясында көгалдандыру мәселесі бойынша, қайырымдылық көмек көрсету мәселесі бойынша және т .б., барлық мәселелер бойынша ауызша түсініктемелер берілді.
Өтініштерді уақытылы қарауды қамтамасыз ету үшін ҚР ТЖМ Құжаттамалық қамтамасыз ету департаментіне "Е-өтініш" бойынша есеп ай сайын жіберіледі.
Құжаттамалық қамтамасыз ету
және мемлекеттік тілді дамыту тобының
бас маманы Ә. Тәшібаева
Главный специалист ГДО и РГЯ А. Ташибаева