Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінде 2020 жылғы 9 айда жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және азаматтарды қабылдау бойынша атқарылған жұмыс жөнінде есеп

Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментінде ағымдағы жылғы 9 айда 490 өтініш тіркелген, оның ішінде жеке тұлғалардың 388 өтініші және заңды тұлғалардың 102 өтініш құрайды.

Қарау қорытындысы бойынша 59 түсініктеме берілді, 26 өтініш құзыреті бойынша қайта бағытталды, 390 өтініш қанағаттанарылды, 1 өтінішхаты бойынша тоқтатылды.

Заңды тұлғалардың өтініштері көбінесе төтенше жағдайлар мәселелеріне (ауа-райы жағдайын растау, мәліметтер мен түсініктемелер беру, объектілерге тексеру жүргізу, мамандар бөлу және т.б.), жеке тұлғалардың өтініштері кадр мәселелеріне, түсініктеме беру және т.б. байланысты.

Департаментте қайтадан келіп түскен өтініштер тіргелген жоқ.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша жұмысты жақсарту және халықтың өзекті мәселелерін шешуде басшылардың жауапкершілігін арттыру мақсатында,  Департаменттің ресми сайтында қабылдау графигін жариялай отырып, азаматтарды алдын ала жазу және қабылдау үшін жағдайлар жасалған. Графикке сәйкес белгіленген уақытта күн сайын қабылдау көзделген, бірақ Қазақстан Республикасында төтенше жағдай жариялануына байланысты азаматтарды қабылдау онлайн режимде өткізіледі. Ағымдағы кезеңде басшылық 2 азаматты қабылдады: Қазақстан Республикасы  ІІМ ТЖК КТИ түсу және бастапқы деректерді беру мәселесі бойынша. Қабылдау барысында барлық мәселелер бойынша ауызша түсініктемелер берілді және оң шешім қабылданды.

Өтініштерді уақтылы қарауды қамтамасыз ету үшін, ай сайын Қазақстан Республикасы БП ҚСжАЕК Ақмола облысы бойынша басқармасымен Департаменттің ведомстволық бағынысты және аумақтық бөлімшелерінде салыстырып тексеру және мониторинг жүргізіледі. Мониторинг барысында қаралмаған немесе мерзімі өткен өтініштер анықталған жоқ.

 

Құжаттамалық қамтамасыз ету тобының

бас маманы Ж.Т.Тайғаринова

Дата публикации
12 октября 2020