ІШКІ КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

020000, Ақмола облысы Көкшетау қаласы, Әуелбеков көшесі, 87.

Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті:

тел. 8 (7162) 551471

электрондық пошта - ok_dchs_akm@emer.kz

Ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс бөлімі бастығының бос лауазымына ішкі конкурс жарияланады (C-SVО-4 санаты)

функционалдық міндеттері –

1) халықты құлақтандыру жүйесіне техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

2) облыс аумағында халықты құлақтандыру құралдарының есебін жүргізеді;

3) халықты хабардар ету жүйесін дамыту және жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

4) халықты хабардар ету жүйесін жаңғырту жөніндегі техникалық шешімдер мен ерекшеліктерді әзірлейді;

5) халықты хабардар ету жүйелерін енгізу мәселелері бойынша Департамент бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырады және үйлестіреді;

6) халықты құлақтандыру бойынша жаттығуларды жоспарлайды және өткізеді;

7) электр сиреналарының (сиреналық-сөйлеу қондырғыларының) және оларды іске қосу бойынша тиісті жабдықтардың жарамдылығына жоспарлы техникалық тексерулер жүргізеді;

8) азаматтық қорғауды хабардар ету жүйесін ұйымдастыру қағидаларын және бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар кезінде халықты, мемлекеттік органдарды хабардар ету қағидаларын әзірлейді.

9) Департаменттің ақпараттық-телекоммуникациялық ортасының тұтастығын қамтамасыз етеді.

10) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша басқа мемлекеттік және мемлекеттік емес қызметтермен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

11) Департаменттің ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылымының жай-күйіне, дайындығына және тәуекелдерінің бар-жоғына талдау жүргізеді;

Еңбекақы

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы 251 474 теңгеден 339 605 теңгеге дейін + арнаулы атағы үшін қосымша ақы+ коммуналдық қызметтер үшін өтемақы.

Білімге қойылатын талаптар:

функционалдық бағыттарға сәйкес келетін жоғары білім (Өрт қауіпсіздігі Өрт сөндіру және авариялық-құтқару ісі төтенше жағдайларда қорғау Азаматтық қорғаныс күштерінің командалық тактикалық ақпараттық жүйелері ақпараттық қауіпсіздік жүйелері Автоматтандыру және басқару Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету Радиотехника, электроника және телекоммуникация Құқықтану құқық Құқық қорғау қызметі Есептеу техникасы мен автоматтандырылған жүйелерді бағдарламалық қамтамасыз ету Информатика Математикалық және компьютерлік модельдеу Әскери іс және қауіпсіздік Сот сараптамасы Техносфералық қауіпсіздік Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою)

Жұмыс өтілі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі керек:

1) Құқық қорғау қызметінде кемінде бес жыл жұмыс өтілі, оның ішінде C-GP-6, C-OGP-6, C-RGP-3, C-AGP-7, C-KGP-4, C-OKGP-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда кемінде бір жыл, В-PK-6, В-РКО-5, C-SV-8, С-SVO-5, C-SVR-4, C-SVU-5, C-SN-6, С-SSP-5, C-SGU-8, С-FM-5 (аса маңызды істер бойынша тергеуші, аса маңызды істер бойынша жедел уәкіл (анықтаушы) немесе нақты құрылымдық бөлімшенің штат кестесінде көзделген келесі төмен тұрған санаттан төмен емес лауазымдарда;

2) арнаулы мемлекеттік органдарда немесе әскери қызметте немесе судья лауазымында жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;

3) мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі кемінде алты жыл;

4) осы санаттардың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі жеті жылдан кем емес;

5) Президенттік жастар кадр резервіне қабылданған адамдар үшін кемінде бес жыл жұмыс өтілі.

Құжаттарды қабылдау мерзімі 2024 жылғы 22 қарашаға дейін.

Қажетті құжаттар тізімі:

1) жұмыстағы негізгі көрсеткіштерді және нақты жетістіктерді (еркін нысанда) көрсететін қызметтік қызмет нәтижелері бар қызметтік мінездеме;

2) басшы құрам қатарындағы қызметкерлердің ұсынымдары (еркін нысанда);

3) АҚО-да кәсіптік қызметтік және дене шынықтыру даярлығын жүргізетін қызмет растаған қызметкердің кәсіптік қызметтік және дене шынықтыру даярлығы деңгейін жыл сайынғы қорытынды тексерудің анықтамасы (еркін нысанда);

4) АҚО кадр қызметінің басшысы куәландырған кадр резервіне алу туралы бұйрықтан үзінді көшірме (бар болса).

Ішкі конкурсқа азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері қатысады.

Дата публикации
15 ноября 2024